.RU

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады

Дата06.03.2017өлшемі339.32 Kb.
Кіріспе

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы өмір сүруде.Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині латын сөзі «inflatio»қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады.

Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде көрінді. Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақшаның қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенмен, ол тек ақшаға ғана тән «ғажайып» құбылыс емес.

Инфляция – күрделі, әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.

Инфляция- негізінен қағаз ақша айналымына тән құбылыс. Мәні жөнінен ол айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарынан құнсыздану процесі. Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан, инфляцияның іс жүзінде дамуы көптеген факторларға тәуелді өте күрделі процесс екендігін де ескеру қажет. Ол мемлекет өзінің өсе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшаларды қосымша эмиссиялау жолымен жабылған ұтымды сияқты теріс экономикалық саясаттың салдары болуы мүмкін. Инфляция қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сәйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы) салдарынан да орын алуы мүмкін.Кәсіподақтардың еңбекақыны арттыру жолындағы күресі және басқа да көптеген жайлар инфляцияға әсерін тигізеді. Осынау бөлекше құбылыстың мәніне көз жеткізу үшін инфляцияны түрлері және даму қарқынына қарай бөле білу қажет.

Инфляция- өндіріс процесінің бұзылуы, шаруашылық салаларының бір-бірімен үйлесімсіз дамуы және мемлекеттің эмиссиялық саясаты мен коммерциялық банктердің іскерлігінің икемсіздігі салдарынан туындайтын күрделі құбылыс.

Инфляцияның мәні- ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оны сатып алу мүмкіндіктерінің құлдырауы. Инфляция- қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеу салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономикалық салалары арасында, коммерциялық құрылымдар, халық топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілеріні арасында қайта бөлуге тірейді.

«Инфляция»- көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да қауырт жағдайларда мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт көтеріліп, қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соқтырады. Оны әр елдегі соғыс жылдарындағы ақша айналымынан байқауға болады.Мысалы, АҚШ- тың бостандық үшін 1775-1783 жылы болған соғысы және 1865 жылғы Азамат соғысы, ХІХ ғасырдың бас кезіндегі Англияның Наполеонға қарсы соғысы, 1789-1791 Француз революциясы. Әсіресе,Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Германияда инфляция жоғары қарқынға жетті, 1923 жылы күзде айналымдағы ақша массасы 496 квинтриллион есе құнсызданды. Осы келтірілген мәліметтер бойынша инфляция бұрыннан келе жатқан құбылыс екендігі дәлелденеді.

І тарау Инфляцияның экономикалық түсінігі
1.1.Инфляция теориялық негізде.

1930 жылдарға дейін батыс экономика ғылымында инфляция қолайсыз құбылыс деп саналып келді. Жағдай инфляцияны таң қаларлықтай болса да жағымлы фактор ретінде құрастыратын Кейнстік теорияның таралуынан кейін ғана өзгерді. Мұндай көзқарас Д.Кейнстің екі түйінді қағидасына сүйенеді: біріншіден, -мемлекеттік жанама тетіктер- қаржы, несие, ақша тағы басқаларының көмегімен нарықтық экономика ға кеңінен аралссуының қажеттілігі; екіншіден- мемлекеттік ықпал етудің басты өзегі төлем қабілетті сұраным болу қажеттігіне деген сенім. Қосымша ақша эмиссиясының жігерлендіруші міндетін пайдалану мүмкіндігі туралы ойлар осыдан келіп шығады.

Кейнс теориясы бойынша айналымдағы ақша көлемінің өсуі еңбекке толық қамтылмау (яғни жұмыссыздықтың айтарлықтай болуы) жағдайында бағаның өсуіне емес, өндірісті және тауарлар ұсынымын ынталандыруға (ақшаға сұраным өсуі) жеткізуі тиіс. Ой-өрістің осындай барысы шындыққа бағаланады да «бақыланатын инфляция» тұжырымдамасының негізіне жатқызылды. Бұл көптеген батыс елдерінің экономикалық саясатының негізіне алынды да. Бірақ 60- жылдардың аяғында «бақыланатын инфляция» тұжырымдамасының негізіне жатқызылды. Осы кезде «бақыланатын инфляция» «шоқырақтайтын инфляцияға» өсті.

Бұл саладағы кейнсшылдықтың сәтсіздікке ұшырауының себебі неде. Істің мәнісі мынада- теориялық жағынан мінсіз «бақыланатын инфляция» әдісі сұранымы жағынан өзінің ынталандырғыш қасиеттерін көрсету үшін біршама тұрақты еркін бәсеке нарықты талап етті. Алайда 60-70 жылдары нарықтың шаруашылық механизмі монополистік ағымдардың күшті ықпалында болды. Осыдан да ақша сұранымының тауарлар ұсынымынан асып кетуі ең алдыменен бағаның өсуін, яғни ауқымды инфляцияның ашық формасын ынталандырды. Бұған іле- шала жоғарыда сипатталған «еңбекақы- бағалар» шиыршығы іске қосылды. Ал 70- жылдардың ортасында бұған энергетикалық дағдарыс орнады. Қуат көздеріне кететін шығындардың шұғыл артуы «еңбекақы- бағалар» шиыршығының айналымын бұрынғыдан да күшейтті және инфляцияны тұрақты, өздігінен ұдайы өсетін құбылысқа айналдырды.

Батыста кейнсшылдық ережелерінен түңілушілік орнады да осы түңілушілід3к толқынында саясаткерлердің жаңа консервативтік ұрпағы билікке келді. Олардың айтарлықтай өкілдері Р. Рейган мен М. Тетчер болды
1.2. Инфляцияның пайда болу себептері.

Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғысынша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.

Белгілі тауар рыногында сұраныс пен ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы инфляция емес.

Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70- жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауарлар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-ке, 1979 жылы 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдік және маусымдық толқуларға, ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономмканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген себептердің әсері болады

Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын аламыз.

Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе- теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінеді. Егер дефицит орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда «ақша станогы» белсенді

пайдаланылса онда айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық тізбегін еске түсірсек, М мен Р көрсеткіштерінің өсуінің байланысы анық..

Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүргізілген жағдайда болған да бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланыста инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар- олар қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша шығындарының өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.

Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктың экономикалық ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигополистер бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да,олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополисттерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.

Төртіншіден, ел экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында «импорттық» инфляцияның қаупі туады. «Импорттық» инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі.

Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады, ол «инфляцияны күту» нәтижесінде орын алады.Батыс елдерінің көптеген экономистері мен біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде.

Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.Мысалы, Батыс Еуропада ІІ дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болды. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатынасы, инфляцияның басқа елдерден келуі сияқты факторлар себепші болады. Бұрынғы КСРО-ны алсақ, жалпы заңдылықтарымен қатар, соңғы жылддардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе- теңсіздік (диспропорция) жатады. Ол әміршіл- әкімшіл жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән жағдай ЖҰӨ- дегі әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы- несие жүйесін монополияландырудағы жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және тағы да басқа ерекшеліктер.

1.3 Инфляцияның түрлері мен типтері

Инфляция көп факторлы құбылыс, ол бағаның жалпы дәрежесінің өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілернің құнсыздануы арқылы көрінеді. Жеке тауарлар бағасының қандай да болмасын өзгеруі міндетті түрде инфляция болып табылмайды. Инфляцияға қарама-қарсы дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып табылады . Бағаның өсуінің бәсеңдеуі дезинфляция деп аталады.

Экономикалық объектерде мынандай инфляцияның түрлері аталады:

1. Экономикалық мемлекеттік реттеудің инструментарилеріне байланысты, инфляция айқын немесе басылған түрде болуы мүмкін. Инфляциясының айқын немесе ашық формада болып отыруы бағаның өсуі, ұлттық валюта кусының төмендеуі арқылы көрінеді , ал басылған немесе бүркемелі түрі жасырын формада жүреді және ол өнім сапасының төмендеуі арқылы көрінеді.

2. Зерттеу обьектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау обьектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы , кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халық аралық нарықтағы ЖҰӨ- нің дефляторы

3. Бағаның өсу қарқынына байланысты , инфляцияның мынандай түрлері болады: жылына 10% дейін болса , орташа немесе жылжымалы инфляция, жылына 200% артқанда – гиперинфляция деп аталады.

4. Экономиканың бағаның өсу қарқыны ұтымды бейімделуіне байланысты , инфляция балансталған және балансталмаған болып бөлінеді. Біңріншіден бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Екіншіден –тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мерзімде жүрмейді, ал экономика жағдайда бейімделуге үлгере алмайды.

5. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты , инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

6. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайда ақиқат және жалған инфляция орын алады.

7. Бағаның болашақтағы өсу қарқынына және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме –дел келмеуіне байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болады.

8. Инфляциялықпоцесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты, «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады

Инфляцияның салдары әр алуан , өзара қайшылықта болады және мынандай жағдайларға әкеп соқтырады. Біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықтықоғамның әр түрлі топтармен, экономикалық және әлеуметтік инстутар арасында қалай болса солай болжамсыз қайта бөлінуіне мәжбүр етеді;қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі , эконамиканың “ашық” секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауарлардың бәсекелестік қабілетін төмендетеді, соның нәтижесінде импорт өседі, экспорт төмендейді жұмыссыздық көбейеді; тұрақтылығы жоғарғы шетел валютасын сұраныс өседі , капиталдың шетелге кетуі өседі, валюта нарығында спекуяция үдей түседі, бұл бағаның өсін жылдамдатады; мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгереді , оның нақты табыстары төмендейді, мемлекеттік экспансиониттік фиксалдық және монетаралық саясат жүргізуге мүмкіндігін шектеледі , бюджеттік тапшылық ждәне мемлекеттік борыш өседі, жұмыспен толық қамтамасыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция, халықтың нақты табысын шамалы төмендетіп және халықты көбірек және бұрынғыдан да еңбек етуін талап етеді;т стагфиляция жағдайында инфляцияның жоғарғы дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады, елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, инфляция, бір жақтан, өндіріс көлемі және жұмысыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланысты болады.

Әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндрісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.

. Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдарды бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.

Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10% -тен аспайды. Экономикалық теория , мысалы кейінсшілдер , мұнай инфляцияны экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикаылқ саясат жүргізуші субъект деп есептейді. Мұнай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларны қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.

Жоғарғы қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200%-ға жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген контрак, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.

Аса зор, шексіз инфляцяи (гиперицфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуі білдіреді. Мысалы, Никарагуада бағаның жылдық өсуі 3300%-ға дейін жетті. Мұндай жағдайда халық үшін үлкен зиян шегеді.

50-60 жылдарда инфляция көптеген елдерде орташа, бірқалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70 жылдары ол бақылаудан шыға бастады.

Инфляция балансталған тепе-теңдіктің болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес , ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың тұрақтануы кезіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.

Болжамды;күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек.

Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды, мысал ретінде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 1991 жылғы бағаны ырықтандыру алдында жасалған бағаны жоғарылату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады., ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп, артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикалық қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік бүркемеленеді.

ХХ ғасырдың 70-90 жылдарында бағаның өсуінің ерекшелігі оның үзілмей жүріп отыруымен, жалпыламалығымен, бір қалыпты еместігімен сипатталады.

Сонымен, инфляция қоғамдағы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың арасындағы сәйкестіліктің жойылуының нәтижесі болып табылады. Ақшаның сандық теориясының айырбас теңдеуіне сүйене отырып, жиынның сұранысты ақшаның ұсынысы мен оның айналым жылдамдығының көбейтіндісі деп, ал жиынтық ұсынысты шығарылған өнімнің физикалық көлемі мен баға дәрежесінің көбейтіндісі деп тұжырымдауға болады. Айналымдағы ақша санының немесе оның айналым жылдамдығының қандай болмасын өсуі жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі және керісінше.

Дүниежүзілік тәжірибе инфляцияны мына шартты түрлерге бөледі:

1.Экономикадағы қамтитын аумағына байланысты жергілікті және әлемдік инфляция.

2.Жүру қарқынына байланысты – біркелкі, үздіксіз және сатылы инфляция .

3.Даму қарқынына байланысты- жылжымалы инфляция- онда бағаның өсуі жылына орташа 5-10%- тен аспайды, қарқынды инфляция- онда бағаның өсуі жылына орташа есеппен 10%-тен 50%-ке дейін дейін жетеді, ұшқыр инфляция кезінде бағаның өсуі жылына 100%- тен асады, Халықаралық валюта қоры баға айына 50%- ке өссе , оны аса ұшқыр инфляция (супергиперинфляция) деп атайды. Егер инфляция өндірістің құлдырауымен ұштасса оны стагфляция деп атайды.

4.Әсер ету факторына қарай-сұраныс және шығын инфляциясы.

Инфляция ашық және басыңқы деп ажыратылады.Біріншісі бағаның өсуі, екіншісі- тауардың жоғалуы.

Басыңқы инфляция жағдайында бағаны мемлекет реттейді, бұл СССР- да орын алған. Сондықтан сұраныстың өсуінде баға көтерілмейді және тепе-теңдік төмен болады. Содан дефицит пайда болады.Дефицит көлеңкелі экономиканы тудырады.

Ашық инфляцияны жіктеу үшін бірнеше белгі қажет:

1.Бағаның өсу қарқыны(баға индексі).

2.Әр түрлі тауар топтары бойынша бағаның өсу деңгейінің алшақтауы.

3.Инфляцияның күтілуі және алдын ала болжануы.

Бірінші белгі тұрғысынан баяу инфляцияны ажыратады, мұнда баға баяу өзгереді, әдетте жылына 10%, секірмелі инфляцияда бағаның өсуі жылына жүздеген процентпен өлшенеді, гиперинфляция мұнда бағаның өсуі мыңдаған проценттен асып, ақша айналымы толық бұзылады.

Екінші белгі тұрғысынан инфляцияның екі түрін ажыратады:тең және тең емес.

Тең инфляцияда әр тауардың бағасы бір-біріне қатысты өзгермейді, ал тең емес инфляцияда әр тауардың бағасы бір-біріне қатысты үнемі өзгеріп отырады.

Үшінші белгіден күтілетін және күтілмейтін инфляцияны бөледі. Күтілу факторы инфляцияның салдарынан білінеді. Егер фирмалар мен халық келесі жылы баға 5 есе өсетінін білсе, онда тиімді рынок жағдайында олар келесі жылы өздерінің тауар бағасын 5 есе көтереді және ешкім күтілетін инфляциядан кейін зардап шекпейді. Ал күтілмейтін инфляция жағдайында бағаның 10%-ке өсуі экономикалық жағдайды күрт нашарлатады

ІІ.Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары

Инфляцияның салдарлары әр алуан, өзара қайшылықта болады, біріншіден, ол ұлттық табыс пен байлықты қоғамның әр түрлі топтарымен, экономикалық және әлеуметтік институттар арасында қалай болса солай және болжамсыз қайта бөлуіне мәжбүр етеді.

Қаражаттар жеке сектордан (фирмалардан, үй шаруашылығынан) мемлекет тарапына қайта бөлінеді. Осыны нақты ақша қалдықтарының барлық ұстаушылары төлейді. Ол өзімен-өзі автоматты түрде төленеді, өйткені инфляция кезінде ақша капиталы құнсызданады. Инфляциялық салық нақты ақша құнының төмендегенін көрсетеді.

Табысты мемлекет пайдасына қайта бөлудің келесі жолы, ол-ақша басып шығаруға монополиялық құқықтың болуынан пайда болады.Белгіленген табыстары бар адамдар инфляция нәтижесінде нақты тбыстардың төмендеуінен шығынға ұшырайды. Индексацияланған табыс алушы топтар табысты индексациялау жүйесі оларға нақты жалақыны сақтап қалуға мүмкіндік бергенше қорғана алады.

Процент ставкасы өзгермеген тұрақты болса, күтпеген инфляцияның нәтижесінде кредиторлар ұтылысқа ұшырайды, қарыз алушылар ұтады. Шығындарын азайтуды көздеп, банктер қарыз процентінің ставкасын жоғарылатады. Бұл ситуация өндіріске жасалатын инвестиция көлемін азайтады.

Салық салудың прогрессивтік жүйесі үй шаруашылықтарынан қаражаттар алынуын шапшаңдатады. Инфляция нәтижесінде ақша формасында жинақталған табыстар қоғамның кәрі мүшелерінен алынып оның жас мүшелерінің пайдасына қайта бөлінеді.

Екіншіден, инфляцияның жоғары қарқыны және баға құрылымының күрт өзгеруі фирмалар мен үй шаруашылығының жоспарлауын қиындата түседі. Нәтижесінде бизнес жүргізуде болжамсыздық пен қауіп-қатер өсе түседі. Инвестициялар қысқа мерзімдік сипат ала бастайды, инвестицияның жалпы көлемінде күрделі құрылыстың үлесі төмендейді және спекулятивтік операциялардың үлес салмағы өсе түседі. Болашақта бұл жағдай ұлттың тұрмысын, әл-ауқатын және жұмыспен қамтылуын төмендетуі мүмкін.

Үшіншіден, қоғамның саяси тұрақтылығы төмендейді, әлеуметтік шиеленіс өседі. Жоғары дәрежелі инфляция қоғамның жаңа құрылымына көшуге жол ашады.

Төртіншіден, экономиканың ашық секторындағы бағаның өсуінің шамамен жоғары қарқындылығы ұлттық тауардың бәсекелік қабілетін төмендетеді. Нәтижесінде импорт өсіп, экспорт азаяды, жұмыссыздық көбейеді және тауар өндірушілер ойсырайды.

Бесіншіден, тұрақтылығы жоғары шетел валютасына сұраныс өседі. Капиталдың шет елге кетуі өседі, валюта нарығында спекуляция үдей түседі. Осылар бағаның өсуін жылдамдатады.

Алтыншыдан, инфляцияның жылдам жүруі экономикадағы сұраныстың өсуіне дем береді, ақшадан қашуға жол береді.Фирмалар мен үй шаруашылықтары активтер алу үшін қосымша шығындануға мәжбүр болады.

Жетіншіден, мемлекеттік бюджеттің құрылымы өзгерпеді және оның нақты табыстары төмендейді. Мемлекеттің экспансионистік фискалдық және монетарлық саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеледі. Бюджеттік тапшылық және мемлекеттік борыш өседі. Осылардыф үнемі өндіру механизмі іске кіріседі.

Сегізіншіден, жұмыспен толық қамтамассыз етілмеген жағдайда қызмет ететін экономикадағы орташа инфляция халықтың нақтылы табысын шамалы төмендетіп, оның көбірек еңбек етуін талап етеді.Дефляция- жұмыспен қамтуды, өндіріс қуаттарын пайдалануды төмендетеді.

Тоғызыншыдан, стагфляция жағдайында инфляцияның жоғары дәрежесі үлкен жұмыссыздықпен ұштасады. Елеулі инфляция жұмыспен қамтуды өсіруге мүмкіндік бермейді. Бірақ, инфляциямен , бір жақтан, өндіріс көлемі және жұмыссыздықтың, екінші жақтан, арасында тікелей өзара байланыс болмайды.

Оныншыдан, әр түрлі тауарлардың салыстырмалы бағалары және олардың өндірісінің көлемі ұқсас емес бағытта жылжып отырады.

ІІ.тарау Қ.Р.инфляцияның әлеуметтік экономикалық зардаптары.



2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі жағдайы, ерекшеліктері мен қарқыны.

Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар индексінің көрсеткіші пайдаланылады. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен қызметтердің белгілі бір жиынтығының сатып алу бағасы мен базалық кезеңнің бағасы арасындағы ара қатынасын өлшейді. Ағымдағы жылды индексінің қарқыны былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары индексінен өткен жылдың бағалары индексі шегеріліп, өткен жылдың бағалары индексіне бөлінеді сонан соң 100-ге көбейтіледі:

Іб1-Ібо

Инфляция қарқыны= *100

Іб0


Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе): 1990-1; 1992-2,5; 1993-30,6; 1994-22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17; 1998-1,07;2000-1,13.

Дүниежүзілік практикада егер инфяляцияның қарқыны жарты жыл ішінде және одан көбірек жағдайда айына 50пайыз аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей әсіреинфляцияға сәйкес келеді . Сөйтіп , қазақстанда бұл деңгей 1992-1995жж. ішінде айтарлықтай асып түсті.

Инфляцияға өңдірістік сфераға, халықтың көптеген жігінің материалдық жағдайына, инвестициялық қызметке қауіпті әсер етеді.

Инфлияцияның класикалық көзі- мемлекеттік бюджет тапшылығы инфлияцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфлияциянан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады.т Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4%, 1992- 8,6%,1993-11,9%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%, 1999-14,3%, 2000-9,8%, 2001-6,4% құрады. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 милиард теңгені (ЖІӨ-ге 0,11%) құрады. 1993 жылы бұрынғы кеңестік республикалардың «егемендіктер парадының» басталуы және жаңа экономикалық жағдайларға ешқандай дайындықтың болмауы Қазақстанда өте ауыр экономикалық-әлеуметтік жағдайға әкеп соқтырды. Өндіріс көрсеткіштері іс жүзінде экономиканың барлық сферасында құлдырады. Мұның бәрі шоқырақтау инфляциясы мен қатарласа жүріп, 1994 жылдың жазында гиперинфляцияға жетті. Саяси және экономикалық себептер 1993 жылдың қараша айында республиканы жедел түрде ұлттық валюта – теңгені ендіруге мәжбүр етті, оны өзі алғашқы 9 ай ішінде өз салмағын жоғалтып жатты. Осындай қиын жағдай бір мезгілде экономиканы ырықтандырумен қоса, қатаң монитарлық саясатты жүргізуге бағыт берді.

Монитарлық қатаңдықтың нәтижесінде республикада инфляция ауыздықталды. 1999 жылы инфляция 11,7 % болды, ол 1994 жылмен салыстырғанда 100 есе аз еді.

Айтарлықтай дәрежеде инфляцияны тез басу Қазақстанда жүргізіліп жатқан нарықтық реформаны құқық бойынша рәсімдеудің шараларын белгілеумен байланысты болды. Республикамыз ТМД аумағында алғашқылардың бірі болып, мынадай маңызды экономикалық заңдарды қабылдады: «Шетелдік инвестициялар туралы», «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заң.

Үкімет «Стратегия – 2030» бағдарламасына сәйкес инфляция қарқынының жыл ішінде 5-6% шамасында болуына ұмтылып отыр.

Мұндай нәтижеге жету үшін үкімет:



  1. Ақшалай – несиелік бюджеттік саясатты қаталдандырды.

  2. Ішкі инвестициялық мүмкіндіктерді өрістетуге көмектесетін қаржылық механизді дамытады.

  3. Жинақтаушы зейнетақы қорларға ақшалай қаржылардың айтарлықтай бөлігін қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етуге ұмтылады.

  4. Бюджеттік жетіспеушілікті қаржылындыруға құнсызданбайтын көздерді пайдаланады.

  5. Мемлекеттік құнды қағаздардың айнылым мерзімін ұзартады.

Біздің елде инфляцияның құрылымдық әрекеті оның микроэкономикалық құрылымының ерекшелігіне байланысты. Ол айқын инфляциялық сипатта болады. Елімізде халық шаруашылығында қоғамдық өндірістің бір түрінің салалары екінші түр салаларынан, яғни алғанда ауры өнеркәсіп жеңіл өнеркәсіптен, ал өндіруші салалардан басым болып отырады. Инфляцияның жеделдеуіне біздің экономкамызды монополияландырудың өте-мөте жоғары деңгейде болуы аса үлкен міндет атқарады. Бұрынғы Кеңес экономика құрылымының маңызды элементі еңбекпен қамту деңгейінің тиімді көлемімен салыстырғанда арту болып табылады.
2.2. Дамушы елдердегі инфляция жағдайы.
Өнеркәсібі дамыған ел болсын, мейлі әртүрлі экономикалық жағдайда инфляция болады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде жылжымалы инфляция тән, яғни жылдан жылға ауысатын бірқалыпты ақшаның құнсыздануы. Батыс экономистерінің жобалауынша инфляцияның бұл түрі өндіріс пен жалпы ұлттық өнімнің өсуін ынталандыруы мүмкін, ал дамушы елдерде қақынды және ұшқыр инфляция басымдау болады.

Инфляция әсер ететін факторлар, оның түрлері мен инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптарын жою шаралары да әр елдің экономикалық өсуінің ерекшеліктеріне байланысты болады.

Дамушы елдердегі инфляцияның даму жағдайлары мен оған әсер ететін факторларға байланысты төмендегідей жіктеуге болады.

Бірінші топтағы елдерге Латын Америкасының дамушы мемлекеттері жатады, лоарда 80- жылдардың аяғы 90-жылдардың бас кезінде экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы, мемлекет бюджетінің тұрақты тапшылығы, ішкі саясатта ақша шығару станогы мен үнемі индекстеу механизімінің қолданылуы байқалып, ал сыртқы экономикалық ортада жүйелі түрде валютаның курсы төмендеді. Никарагуада, мысалы, 1990 жылы ақшаның құнсыздануы 8500%, Перуде-8291,5% болды.

Екінші топқа Колумбия, Эквадор, Венесуэла, Бирма, Иран, Египет, Сирия, Чили елдері кіреді. Оларда да экономикалық тепе-теңдіктің жоқтығы байқалып, ал қаржы саясатында аз қаржыландыруға және несиелік экспансияға (несиені ұлғайту) ерекше көңіл бөлінді. Бұл елдерде қарқынды инфляция сақталып , бірен–саран индекстеу жүргізілуде, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі сақталуда.

Үшінші топқа жататын елдер- Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар, Сауд Аравиясы- жергілікті деңгейде экономикалық тепе-теңдігі бар мемлекеттер. Оларда жылжымалы инфляция сақталуда , бағаға қатаң бақылау енгізілген. Инфляцияға қарсы шаралар ретінде тауарды сыртқа шығару және шетел валютасының құйылуы зор роль атқаруда , жұмыссыздық бірқалыпты деңгейде жүруде.

Төртінші топқа дамушы мемлекеттер әлеміне теңгерілген бұрынғы социалистік мемлекеттер кіреді(ТМД елдері, Қытай, Польша, Вьетнам және тағы басқа мемлекеттер). Бұл мемлекеттердегі инфляция жоспарлы бөлу жүйесінен нарыққа өту барысында туындайтын объективті процестерге байланысты болады. Себебі инфляция факторлары, біріншіден, мемлекеттік бюджеттің бұрынан келе жатқан тапшылығы негізінде қаржыландыру мәселерінде анықталады, екіншіден, құрылым факторлары мысалы, тез қайтарылымы болмайтын ауыр өнеркәсіпке салынатын инвестицияның қауырт өсуі, үшіншіден, «баға қайшысы» деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасымен салыстырғандағы өнеркәсіп өнімдері бағасының қарқынды өсуінің арасындағы үйлесімсіздік. Құрылым факторлары тек бағаны қауырт көтеріп шығын инфляциясына жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар сұраныс инфляциясының өсуіне әсерін тигізеді.

Бұл мемлекеттер өндірістің өсуі мен ішкі нарықтың аз сұранысы арасындағы қайшылықтарды , бір жағынан, зиянды қаржыландыру жолымен, яғни ақша массасын басып шығарумен, екінші жағынан шетел займдарын көптеген мөлшерде тартумен шешуге ұмтылуда. Нәтижесінде бұл топтағы мемлекетткөп мөлшерде ішкі және сыртқы қарыздар пайда болады.

Сонымен дамушы елдерге тән қарқынды және ұшқыр инфляцияның нышаны- ақша айналымы жылдамдығының өсуі, ақша массасының жиынтық сатып алу мүмкіншілігінің кенет төмендеуі және ақша айналысынан ұсақ монетарлар түгілі бірте-бірте ұсақ қағаз купюралардың да жойылуы. Сонымен қатар сыртқы қарыздардың өсуі мемлекет ішінде доллардың немесе басқа шетел валютасының қолданылуына жол ашады. Бұл процесс инфляцияның одан әрі қарқындауына және елден капиталдың «әкетілуіне» соқтырады.



ІІІ. Инфляцияға қарсы саясат.

3.1. Филлипс қисық сызығы және стагфляция.
Ағылшын экономисі Филлипс ХХ ғасырдың 50- жылдарында жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының өсімі арасында тәуелділік бар екендігіне назар аударған. Оның қорытындысы бойыншаь, жұмыссыздықтың кейбір дәрежесінде жалақының дәрежесі тұрақты және оның өсімі нөлге тең болады.Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса, онда жалақының өсімі шапшаңдайды және кеісінше. Соңынан жалақы мен бағаның өсуінің өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланылып, осы заңдылық жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының өзара байланысы болып қайта өзгертілді.

Филлипстің қисық сызығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керісінше байланыс бар екенін көрсетеді. Осыны кейнсшілердің, инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы ғана дәрежесінде болуы мүмкін және керісінше деген тезисі де дәлелдейді. Экономикада практика жүзінде бағаларды өсірмейтін жұмыспен қамту дәрежесі болады.

ХХ ғасырдың 50-60 жылдардағы дамыған елдердің статистикалық көрсеткіштерін зерттеудің қорытындысы Филлипс қисық сызығын толық растады. Сол жылдары көптеген елдердің экономикасында жұмыспен қамту толық жүзеге асырылды. Өндірісті одан әрі өсіруге және жұмыссыздықты қысқартуға мақсатталған шаралардың орындалуы бағаның өсуін шапшаңдатты және керісінше – инфляцияның қарқыны төмендеген сайын жұмыссыздық өсе түсті.

Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керісінше байланыс әр түрлі дәлелденіп отыр.Жартылай бұл жағдай еңбек нарығының бейімділігімен дәлелденеді. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген индивидуалданған нарық болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледі:еңбек нарығының кейбір сегментінде экономика бірте-бірте жұмыспен толық қамтуға жылжып отырғанда, жұмыссыздық практика жүзінде сақталады, еңбек нарығының басқа сегменттерінде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда шығындардың көбеюіне және бағаның өсуіне әкелетін жалақының өсуі жалғаса түседі.Осы процестің макроэкономикалық нәтижесі – инфляцияның қарқынынң өсуі.

Филлипс қисық сызығының басқа дәлелі бойынша, өндірушілер мен еңбекшілерге экономиканың өсу кезеңдерінде баға мен жалақының өсуін талап ету жеңіл түседі. Жоғары дәрежедегі жұмыссыздық жалданып жұмыс істеушілерді төмен жалақыға келісуге мәжбүр етеді, бұл инфляцияның «жалақы-баға» спиралін бұзады.

Филлпс қисық сызығын жиынтық сұраныс пен ұсыныстың қисық сызықтарының талдауы айқын дәлелдейді. Экономикада жиынтық сұраныстың өсуі ондағы диспропорцияларды шиеленістіреді, жаңа диспропорциялар тудырады, психологиялық тұрғыдан ресурстардың шектелуін арттыра түседі. Мұның нәтижесінде сұраныстың өсуімен қатар инфляция күшейе түседі. Мұның нәтижесінде сұраныстың өсуімен қатар инфляция күшейе түседі. Жиынтық сұраныстың өсімі көбейген сайын және экономика толық жұмыспен қамту дәрежесіне жеткен сайын, бағаның өсуі күшейе түседі.

Филиппс қарсы сызығына көзқарастың екі бағыты бар деуге болады. Бірінші бағытта Филиппстің қисық сызығы экономикалық заң деп қаралады. Бұл күшті инфляция мен жоғары жұмыссыздық бір мерзімде болмайды деген. Мемлекеттік реттеудің инструменттерінің әртүрлі қолданудың көмегімен қисық сызықтың әрқилы нүктелеріне сай келетін, инфляция мен жұмыссыздықтың ұштасуының қандайның болмасын жетуге болады. Сөйтіп, қысық сызықтың бойымен жоғары және төмен жылжыуға болады. Нүктенің қандайының таңдап алу керектігі, болып тұрғпн экономикалық ситуацияның және үкіметтің әлеуметтік-саяси бағдарлары мен белгіленеді.

Филиппстің қисық сызығы туралы екінші бағыт инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы өзара байланыстарының тұрақтылығын және үзілмейтіндігін жоққа шығарады. Экономикада орынды темпы берілген инфляция жағдайында жұмыспен қамтылудың ең жоғары деңгейіне жетуге болады.

20 ғасырдың 70-80 жылдардағы инфляция мен жұмыссыздықтың динамикасын талдау бұлардың арасындағы байланыстың өте тұрақты еместігін айқындады. Экономикалық дағдарыстар кезендерінде баға және жұмыссыздық бірге өсті. Осындай экономикалық ситуиция стагпляция деп немесе слампфляция деп аталады. Осы кезеңдегі инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер екі қорытынды жасауға мүмкіндік берді: Филиппстің қисық сызығы оңға қарай жоғары жылжыйды да, енді инфляция дәрежесінің әрқайсысына жұмыссыздықтың өскен дәрежесі сәйкес келеді немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.

Стагфляцяның пайда болуын Кейнстік мектептің экономисттері бірінен бірі келіп отырған ұсыныстың болмай қалуымен дәлелдейді. Бағалар мен жұмысты болудың өзара байланыстарының бұдан бұрынғы талдауы, өзгермейтін тұрақты ұсныс жағдайында, жиынтық сұраныстың дәрежесі өзгеріп тұратындығына негізделген болатын. Нәтижесінде стагфляция пайда болады және Филиппстің қисық сызығы жылжыйды. Неоклассикалық мектептің өкілдері стагфляцияны басқаша, адаптифтік және рационалдық теориялармен дәлелдейді. Осы екі консепция экономикада жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болады деп есептейді.

Экономикалық дағдарыс кезінде бір мезгілде бағалар да, жұмыссыздық та өсіп отырған. Осы кезеңдегі инфляция және жұмыссыздық туралы мәліметтер екі қорытынды жасауға мүмкіндік береді: инфляцияның әрбір дәрежесіне жұмыссыздықтың өскен дәрежесі сәйкес келеді, немесе, осы құбылыстардың арасында байланыс жоқ болады. Инфляцияның темпы мен жұмыссыздық дәрежесінің тәуелділігін мына теңдеу арқылы көрсетуге болады: (1-кесте)
Р = Pe-b(U+U*)+ AS

Мұнда, Р – инфляцияның қарқыны;

Ре – инфляцияның күтілетін қарқыны;

U- нақты жұмыссыздықтың дәрежесі

U*- табиғи жұмыссыздықтың дәрежесі;

B- 0-ден 2,5 дейінгі шамадағы коэфициент, Оукен заңы бойынша;

AS- ұсыныстың күрт өзгерістері.
3.2 Инфляцияға қарсы саясат.

Инфляцияға қарсы саясат деген бұл инфляцияны төмендетуге бағытталған мемлекеттік реттеу құралдарының жиынтығы. ХХ.ғ 60-шы жылдарынан бастап бағаны тікелей және жанама түрде реттеу мақсатымен барлық экономикаға ортақ шаралар қолданыла бастады.

Тікелей реттеу табыстар саясаты шеңберінде жүргізілді. ТАбыстар саясатын шартпен екі бағытқа бөлуге болады: жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгілеу және осыларға тікелей бақылау жүргізу. Осыларды қолданып нақты табыстармен бағаның өсуін төмендетуге тырысқан жағдайлар болған. Нысаналарға еркін орындалуға тіпті ережелердің жиынтығы жатады. Бақылауға заң актілерінің күші тән болады. Нысаналар ретінде баға мен жалақы ставкалары өсуінің максималдық шегі пайдаланылған . Жалақы ставкаларының өзгерістері әдетте барлық экономикадағы еңбек өнімділігінің өсу қарқынымен байланыста болады; бағалардың өзгерістері еңбек ақыға жұмсалған шығындардың өзгерістерін өтеу үшін жүргізіледі. Осы бағыттың мәні мынада: жалдамалы жұмыскерлердің табыстары тікелей реттеледі, ал пайда- жанама түрде баға арқылы реттеледі.

Әдетте, бақылауды пайдалану үшін бағалар мен жалақыны белгілі уақыт мерзімі бойынша “ тұрақты” етіп ұстап отыру туралы заң қабылданатын жалдамалы жұмыскерлер үшін табыстар саясатының дискриминациялық дәрежесі жоғары болады өйткені мемлекет органдары және өңдірушілер бағалардан гөрі жалақыға бақылау жүргізуді ұнатады. Практика жағынан келсек, жалақыдан гөрі бағаларға бақылау жүргізу оңайға түспейді, өйткені тауарлар топтарының саны көп болады. Бұдан басқа, экономикада еңбек өнімділегі өсуі автоматты түрде ұлттық табыстағы жұмысшылардың үлесін салыстырмалы және абсолютті төмендетеді.

Табыстар саясатының бір вариантына әлеуметтік контракт жатады. Бағаның өсуі мен жалақының арасында тұрақты компромисс орнату үшін үкімет ірі кәсіпорындар мен кәсіподақтарының арасында келіссөз ұйымдастырады. Табыстар саясаты қашан болмасын дискуссия тудыратын. Осы саясаттың қарсыластарының айтуы бойынша, кәсіпкерлер мен кәсіподақтар жетекшілері өздерінің мақсатты қызметтерінен барынша көп пайда табу-бас тарта алмайды, сондықтан олар үкімет белгілеген нысаналарды өз еркімен орындамайды.

Заң жүзінде бағаның өсуіне шектеудің қойылуы, бағалрын жоғарлату пайдалы болатын тауарлардың көлеңкелі нарығын дамытуы мүмкін. Бағалардың өсуіне шек қоюды болдырмайтын келесі әдіс, ол буып-түйілген дайын өнімдердің сапасы мен салмағын төмендету. Осыдан басқа бағаға әкімшілік бақылау жүргізу нарықтың қызметін дұрыс атқаруына , ресустармен менкапиталдардың еркін жылжуына кедергі болады. Нәтижесінде, экономикада тапшылық жинақтала түседі, тұтынуды нормалау қажет туады. Табыстар саяатының жақтаушылары бойынша, егер кәсіпкерлер мен жұмысчкерлер үкіметтің инфляциямен куресуге күші де, құралдары да жеткілкті деп сенсе, онда бұл саясат инфляциялық күтімдерді сөндіруге көмек береді. Нарық қызметінің тиімділігі туралы әнгіме құрғанда мына жағдайды атап өту қажет: монополиялық күштердің – тауар өндірушілердің ресустар иелерінің – бар болуының өз ресурстардың бөлінуін бұрмалайды. Экономикада инфляцияның (әсіресе сұраныс түрткі болған) болуы осы тұжырымды дәлелдейді. Сондықтан, бағаға бақылау жүргізу жағдайдаы түзетуге көмек бере алады.

ХХ.ғ 60-шы жылдары нарық экономикалы елдерде жүргізілген табыстар саясатының тиімділігі күткендей болмады. Сондықтан 70-ші жылдардың ортасында практика жүзінде барлық дамыған елдер оны жүргізүден бас тарты.

Бағаға ықпал жасаудың жанама әдістеріне монетарлық және фискалды саясаттың “ дефляциялық” шаралары жатады. Алғашқыда олар циклға қарсы саясат көлімінде қолданған болатын. Орталық банк инфляцияның күшейуіне байланысты ақша массасының өсуіне, берілетін несиенің көлеміне, есепке алу ставканың өуіне және ашық нарықта сатылатын мемлекеттік құнды қағаздардың міндетті резервтерінің нормасына бірте-бірте шектеу еңгізеді.

Айналымдағы ақшаның көлеміне шек қоюдан басқа, мемлекет фискалдық әдістер арқылы жиынтық сұранысты азайтуға тырысады: мемлекеттік сатып алуға және инвесицияларға шек қойып, жеңілдіктерді жойып, немесе , тікелей және жанама салықтарды өсіріп, амортизациялық реттейтін ережелерді қатайтады.

Инфляцияны төмендету мақсатымен валюта саясатының инсттрументтері пайдаланыуы мүмкін: шетелдерден келетін ақшаға шек қою, ұлттық валюта курсын көтеру.

“Дефляциялық” шаралардың тежеу жасайтын әсері алдымен экономикалық өсуді баяулатты және жұмыссыздықты өсірді, ал бағалардың төмендеуі елеулі болмады . Стагфляцияның пайда болуы дефляция саясатының кейбір инструментерімен бас тартуға мәжбүр етті.

Стагфляциямен куресудің неокласикалық бағытының балама жолдары бар . Оның мәні: инфляцияны төмендетуде қандайда болмасын құралдарды қолданбау үшін, экономикадағы осы және басқа процестерді қолдан шығарып алмауды көздеу керек.

Филипстің қисық сызығына рестриктивтік шектеу монетарлық және фискалдық саясатты қолданып қалайда қайтып келудің қажетіне тырысу керек емес, жиынтық ұсыныстың қисық сызығына тікелей ықпал ету қажет. Осы ушін қаржылық және ақша саяатын азғана өзгертіп, қатал стандарттарды, мақсатты қаржыландыру мен несиелердіру, салаларды селективтик қолдауды, протекционистік шараларды, табыстар саясаттың элемнттерін қолдануды пайдалануға болады. Сонғы вариантты қолданудың тиімділігі жоғары және бұның әлеуметтік шығындары төмен.

Үкімет үшін инфляцияға қарсы саясат жүргізудің екі бағыты болады: оны бірте-бірте ұзақ мерзімді көздеп жүргізу немесе оны шұғыл жүргізу (“естен тандыру терапиясы”). Барлық жағдай елдің көлеміне , оның экономикасының болмысына , әлемдік нарыққа кірудің дәрежесіне және шарттарына, өзгерістерді халық аралық қаржы мекемлерінің қолдауына, ел ішіндегі әлеууметтік-саяси жағдайға және т.б. байланысты болады.

Қазақстанда инфляцияның дамуы “сұраныс пен ұсыныс” инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады. Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап өтейік:

Біріншіден, Бюджеттік тапшылықты қржыландыру үшін Орталық банктерден келген несиелер ;

Екіншіден, Орталық банктің комерциялық банктерге несиесі –қайта қаржыландыру үшін несиелер ;

Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие - олардың Қазақстанмен саудаға тапшылығымен байланысты.

Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейкен болатын.

Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек “ естен тандыру терапиясының “ монетаристік әдістері қолдалынады. Бұлар күтекен нәтиже бермеді .

Қорытып айтқанда , Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен, экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.

Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық зардаптары төмендегі жағдайлардан: тауарлар бағасының өсуінен; халықтың ақшалы жиынтығының, шаруашылық субъектілерінің және мемлекеттік бюджет қаржысының құнсыздануы; халықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуі мен жұмыссыздықтың көбеюінен; ұлттық валютаның сатып алу мүмкіндігінің төмендеуі мен басқа валюталарға қарағанда оның нақты курсының бұрмалауынан, көлеңкелі экономиканың белсенді өсуі мен оның салық төлеуден жалтырауынан және сол сияқты көптеген көлеңкелі процестерден байқалады.

Инфляцияның зардаптарын жойып, ақша айналысын тұрақтандырудың негізгі әдістері – ақша реформасын жүргізу.

Тарихта ақша реформасын жүргізудің екі формасы бар :



  • Бірінші, жаңа ақша жүйесін құру – ол алғашқыда металл ақша жүйесін құрғанда, мемлекеттік құрылым өзгергенде, тәуелсіз мемлекеттер пайда болғанда, бұл елдердің даму ерекшеліктеріне байланысты ақша жүйесі пайда болды.

  • Екінші, ақша жүйесінің кейбір элементтерін өзгерту, жаңа ақша өлшемдерін енгізу. Ақша түрлерін, баға масштабын өзгерту.

Соғыс және революциядан кейінгі жылдары көптеген мемлекеттер ақша айналысын тұрақтандыру мен экономиканы қалрына келтірудің ең бір қажетті жолы ретінде мына әдістерді таңдады: нуллификация, реставрация, девальвация және деномикация.

Нуллификация – ол құнсыздынған ақшаны жойып, орнына жаңа валютаны енгізу әдісі. Мысал, 20 жалдары Германияда соғыстан кейінгі ұшқыр инфляцияның нәтижесінде рейхсмарка құнсызданып, 1924 жылы енгізілген жаңа маркаға 1:1 трлн. ескі рейхсмаркаға арақатынасымен айырбасталды. Құнсызданған ескі марка жойылды.

Реставрация – ол ақша өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қаопына келтіру әдісі. Мысалы, Англияда дүниежүзілік соғыстан кейінгі 25-28 жылдардаға ақша реформасы кезінде фунтстерлингтің алтын құрамы соғысқа дейінгі қалпына келтірілді.

Девольвация – ақша өлшемінің алтын құрамын төмендету. ол екінші соғыстан кейін АҚШ долларына шаққанда ұлттық валютаның ресми курсында оның алтын құрамында төмендету.

Деноминация – ол «нолдерді» сызу әдісі, яғни баға масштабын ірілендіру. Мысалы, КСРО-да 61 жылдың 1 қаңтарынан бастап, баға масштабы 10 есе ірілендірілді. 61 жылы шыққан жаңа бір рубль ескі 10 рубльге алмастырылды. 1998 жылы Ресейде де рубльге деноминация 1:1000 ескі рубльге арақатынасымен жүргізілді.

Қорыта айтқанда, инфляциямен күрес әдістері – мемлекеттің экономиканы реттеудегі іс-әрекеттерінің жиынтығы.


Қорытынды

Қорыта айтқан кезде инфляция көп факторлы құбылыс . Ол бағаның жалпы өсуі арқылы және нақты активтерге қарағанда ақша белгілерінің құнсыздануы арқылы бейнеленеді, жеке тауарлар бағасының қандай болмасын өзгеруі және баға өсуінің бәсеңденуі инфляция деп аталады.

Инфяциядан бірде-бір ел қашып құтыла алған жоқ. Бірақ, олардың қай-қайсында да бұл процесс нақты, өзіндік өзгешелігі бар жағдайда өткені де түсінікті осылай да біздің бастан өткеріп жатқанымызды және оның себептері қандай екендігін айқындау өте маңызды. Сонда қалыптасқан жағдайдан шығудың балама жолдарын бағалау мүмкін болады.

Отандық экономика ғылымда ондаған жылдар бойы инфляция біздің жағдайға сәйкес жабық тақырыптардың бірі болып келеді. Үстемдік еткен түсінік бойынша инфляция капитализмге тән анархиядан пайда болған нарықтық экономикалық дәстүрлі ауруы , жоспарлы шаруашылықта болуы мүмкін емес делінді . Бірақ өмір бұл жалған ұғымды жоққа шығарды.

Біздің еліміздегі инфляцияның терең себептерің факторлардың екі үлкен тобына: құрылымдық және монетардық деп бөлуге болады . Әрине, факторларды бұлайша шарты түрде ғана . Себебі, олардың арасында көптеген тікелей және кері байланыстар бар.

Біздің қысқаша талдауымыз бойынша мынандай тұжырым жасауға болады, елімізде инфяцияға қарсы күрес табысты болады. Ол үшін біріншіден, біздің халық шаруашылығын құрылымдылық қайта құрудың шарттары басым қамтамасыз ете білумізге байланысты. Және екіншіден, ақша көлеміне бақылау және келешекте халық тұтынатын тауарлар өңдірудің өсуі және олардың бағасын тұрақтандыру арқылы тізгіндеу мақсатында несие-ақша және бюджет-қаржы реттегіштерін кең көлемде қолданатын боламыз. Тек осылайша кешенді жағынан келу ғана инфляциямен күресте жеңіске жетуді, ең әрі кеткенде оның қарқыны қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз ете аламыз.

Біз ақшаның шығуы мен инфяцияның қағаз-ақша түрінде көрініс табуының басты проблемасын қарастырдық . Мұның өзі біздің қазіргі заманғы нарықтық экономикасының келесі проблемасына көшуге әзір

екендігіміз

Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шарлар тек «естен тандыру терапиясының» монетаристік әдісін қолданды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.

Қорытып айтқанда, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен , экономикалық байланыстардың бұзылуымен , тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты . Сондықтан ресурстарды жалпы үнемдеу мен бюджет тапшылығын жою , инфляцияға қарсы саясат жүргізудің құралына айналды.



Қолданылған әдебиеттер:

1«Экономикалық теория оқу құралы»

Астана -2002ж

2. . «Қазіргі экономика»Қожаниязов Т

Қожаниязова Ж Тараз-2001ж

3. «Экономика теориясы»С.Әкімбеков

4«Қаржы» 2003 жыл. Ілиясов. Қ

Құлыпбаев.С Алматы-2003ж

5. «Ақша, несие, банктер» Ғ.Сейтқасымов»

6. «Ақша, несие, банктер» Б.Көшенова

7. «Экономикалық теория» С.Әкімбеков

А.Баймұханбетова

У.Жанайдаров

ФИЛЛИПС ҚИСЫҚ СЫЗЫҒЫ

W,P




U

W- номиналдық жалақының өсу қарқыны ;



P-Инфляция дәрежесі;

U-Жұмыссыздық дәрежесі,%




ЖОСПАР

Кіріспе......................................................................................................3

І тарау Инфляцияның экономикалық түсінігі



1.1.Инфляция теориялық негізде.......................................................5

1.2. Инфляцияның пайда болу себептері..........................................6

1.3 Инфляцияның түрлері мен типтері ........................................8

ІІ тарау Қ.Р инфляцияның әлеуметтік экономикалық

зардаптары

2.1. Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі жағдайы, ерекшеліктері мен қарқыны.............................................................16

2.2. Дамушы елдердегі инфляция жағдайы.....................................19

ІІІ тарау Инфляцияға қарсы саясат 3.1.Филлипс қисық сызығы және стагфляция...............................21



3.2. Инфляцияға қарсы саясат.........................................................24

Қорытынды



Қолданған әдебиеттер





Достарыңызбен бөлісу:

davaj-poigraem-kak-chasto-v-zhitejskoj-suete-mi-ne-pridaem-znacheniya-etomu-prizivu-prosbe-a-inogda-golosu-nesbivshejsya-mechti-donosyashemusya-iz-nashego-dal.html
davajte-pogovorim-chelovek-ne-odin-sushestvuet-v-etom-mire-kazhdodnevno-stalkivayas-s-drugimi-lyudmi-on-dolzhen.html
davajte-uchastnikam-gruppi-domashnie-zadaniya-eto-otlichnij-sposob-zanyat-ih-soznaniem-krishni-na-nedele-mezhdu-zanyatiyami-eto-pomozhet-im-luchshe-usvoit-projdennoe-stranica-2.html
davajte-zhe-rassmotrim-nekotorie-chasto-zadavaemie-voprosi-o-vsemirnom-potope.html
davi-na-gaz-itogi-valeriya-sicheva-27052008-022-str-3638-gosduma-rf-monitoring-smi-27-maya-2008-g.html
david-gilbert-bil-odnim-iz-istinno-velikih-matematikov-svoego-vremeni-ego-trudi-i-ego-vdohnovlyayushaya-lichnost-uchenogo-okazali-glubokoe-vliyanie-na-razvitie-mate.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/perehodnie-processi-v-elektricheskih-sistemah-chast-ii-metodicheskie-ukazaniya-po-kursovoj-rabote-disc-perehodnie-processi-v-elektricheskih-sistemah-spec-100100-zo-kirov-1999-udk-621-311-018-782-3.html
  • lesson.bystrickaya.ru/osnovi-gornogo-dela.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/9-akkumulyatornie-otdeleniya-metodicheskie-ukazaniya-k-kursovomu-proektu.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-pokupki.html
  • write.bystrickaya.ru/gosduma-prinyala-popravki-o-kriteriyah-nadzora-za-bankami-vzaimodejstvie-gosdumi-s-federalnimi-organami-10.html
  • abstract.bystrickaya.ru/3-harakteristika-pervichnih-potrebnostej-anton-semenovich-makarenko.html
  • letter.bystrickaya.ru/n-ya-kostesha-prepodavatelskij-sostav-ist.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/metaforicheskaya-kommunikaciya-kontrol-soznaniya-i-metodi-podavleniya-lichnosti.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebnoe-posobie-prednaznacheno-dlya-studentov-vuzov-uchashihsya-tehnikumov-dlya-pedagogov-i-psihologov-v-sisteme-visshego-i-srednego-obrazovaniya-dlya-rukovoditelej-i-vseh-teh-stranica-39.html
  • literatura.bystrickaya.ru/soznatelnoe-otnoshenie-k-bessoznatelnomu.html
  • report.bystrickaya.ru/kezdesu-oldanilui.html
  • write.bystrickaya.ru/glava-1-predvaritelnie-rascheti-sun-czi-iskusstvo-vojni-v-perevode-akademika-n-i-konrada.html
  • urok.bystrickaya.ru/poyasnitelnaya-zapiska-perechen-professij-professionalnoj-podgotovki-v-dalnejshem-perechen-yavlyaetsya-normativnim-dokumentom-dlya-organizacii-stranica-15.html
  • vospitanie.bystrickaya.ru/zhospar-krspe-danalar-logika-turali-negzg-blm-logika-imina-tsnk.html
  • gramota.bystrickaya.ru/zoloto-alhimikov-s-a-abramov-i-v-bestuzhev-lada.html
  • uchebnik.bystrickaya.ru/uchebno-metodicheskoe-posobie-ulyanovsk-ulgu-2005-112-s.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/posleduyushaya-ocenka-obekta-investicionnoj-sobstvennosti-posle-ego-priznaniya.html
  • abstract.bystrickaya.ru/12-kontaktnie-elementi-elektromehanicheskih-relejnih-ustrojstv-igumnov-n-p-tipovie-elementi-i-ustrojstva-sistem.html
  • paragraf.bystrickaya.ru/zaklyuchenie-pod-strazhu-kak-vid-meri-presecheniya.html
  • otsenki.bystrickaya.ru/spisok-literaturi-na-leto-dlya-uchenikov-2-11.html
  • tasks.bystrickaya.ru/12-paradigma-informacionnogo-marketinga-informacionnij-marketing-prakticheskoe-posobie.html
  • ekzamen.bystrickaya.ru/reproduktivnoe-zdorove-zhenshin-fertilnogo-vozrasta-rabotayushih-s-personalnimi-elektronno-vichislitelnimi-mashinami-14-01-01-akusherstvo-i-ginekologiya.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/poyasnitelnaya-zapiska-obrazovatelnij-standart-poslevuzovskoj-professonalnoj-podgotovki-specialistov-s-visshim.html
  • esse.bystrickaya.ru/razdel-6-usloviya-realizacii-osnovnoj-obrazovatelnoj-programmi-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-nachalnogo.html
  • bukva.bystrickaya.ru/mesto-i-rol-organov-ispolnitelnoj-vlasti-v-sisteme-gosudarstvennih-organov-chast-3.html
  • tasks.bystrickaya.ru/11-vivodi-udovih-otnoshenij-innovacii-v-postsovetskoj-promishlennosti-chast-i-pod-redakciej-v-i-kabalinoj-siktivkar-2000.html
  • kolledzh.bystrickaya.ru/azagroarzhi-a-shk-audit-izmet-turali-erezhe-oldanisa-enu-merzm.html
  • zanyatie.bystrickaya.ru/marksizm-i-neomarksizm.html
  • occupation.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-po-izucheniyu-disciplini-i-zadaniya-dlya-vipolneniya-kontrolnoj-raboti-dlya-studentov-zaochnogo-otdeleniyapo-specialnosti.html
  • grade.bystrickaya.ru/obzor-rossijskoj-pressi-avto-dajdzhest-stranica-2.html
  • holiday.bystrickaya.ru/muzikalnie-zanyatiya-vospitivayut-volyu-i-disciplinu.html
  • studies.bystrickaya.ru/gosudarstvennoe-regulirovanie-investicionnih-processov-socialnij-aspekt-chast-6.html
  • learn.bystrickaya.ru/f32-419-edinic-hraneniya-za-1965-2003-gg-fondi-arhiva-na-01-10-2011-g-po-spisku-fondov-chislitsya-v-nalichii.html
  • urok.bystrickaya.ru/priborostroenie-byulleten-novih-postuplenij-literaturi-v-nauchnuyu-biblioteku-kubgu-yanvar-2007-g.html
  • composition.bystrickaya.ru/plan-uroka-orgmoment-rechevaya-gimnastika-proverka-domashnego-zadaniya-vvedenie-v-temu-zanyatiya-uprazhneniya-po-ozaglavlivaniyu-teksta-sostavlenie-rasskaza-opisaniya-i-ozaglavlivanie-ego.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.