.RU

Э. А. Байшығашова Болашақ информатика мұғалімі мамандықтарына «Информатика тарихы» курсын оқытудың қажеттілігі

Дата13.06.2017өлшемі92.63 Kb.
Э.А.Байшығашова
Болашақ информатика мұғалімі мамандықтарына «Информатика тарихы» курсын оқытудың қажеттілігі

Қазіргі уақытта білім беру саласын дамытудың маңызды мәселелерінің бірі – жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаны дамыту мен оның өзіндік дамуына жауап беретін, жаңа типті білім беруді қалыптастыратын ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын оқу процесіне енгізу болып табылады.

Білім мазмұнын жаңартуды жүзеге асыруда негізгі рөлді атқаратын тұлға мұғалім екені белгілі. Білім беру саласының дамуы мұғалімнің біліктілігіне, дайындық деңгейіне, жеке тұлғалық сапаларына тәуелді. Бұдан мұғалімнің кәсіби іс–әрекетінің тиімділігіне қойылатын талап артады, ол білім берудің сапалы өзгеруіне қоғам тарапынан қойылатын жаңа талап.

Ақпараттық коммуникациялық технологиялар (АКТ) – оқытудың (оның мүмкіндіктеріне сәйкес келетін) жаңа моделіне енгізілген жағдайда оқу процесін жетілдіруге егер ол оң әсерін тигізеді.

Білім беру технологияларының ішінде оқу процесін басқаруға арналған технологияларды ерекшелеуге болады. Оқу процесін басқару мен құруды талдаудың ақпараттық тәсіліне негізделген бұл технологиялар ақпараттандыру құралдары мен әдістерін пайдаланады, ол мақсат қоюдың жаңа құралдары мен түрлерін, оқу курсының мазмұнындағы іскерліктер мен білімді беруді анықтауға және оқытуды ұйымдастыру әдістерін жетілдіруге байланысты.

АКТ құралдарының негізінде кешенді жоспарланған білім нәтижелерін алуға бағытталған (жеке тұлғалық, әрекеттік, когнитивті) білім беру процесін ұйымдастыру, құру технологияларын меңгеру – мұғалімді қазіргі заман талабына сай әдістемелік тұрғыдан даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Сөйтіп, болашақ информатика мұғалімдерін әдістемелік дайындау жүйесін жетілдіру бұл жүйені жаңа сапалы деңгейге – оқыту процесін болжау, жобалау және ұйымдастыруға ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға бағытталған – деңгейге көшіруді талап етеді.

Көтеріліп отырған мәселеге байланысты жүргізілген зерттеулерге көз жүгіртсек, болашақ информатика мұғалімдерін даярлаудың қазіргі әдістемелік жүйесі төмендегідей шарттар ескерілген жағдайда:

біріншіден, егер технологиялар оқыту процесін жобалау жүйелік әдіспен берілетін болса, яғни ол бағалауды, түзетуді және оны ары қарай дамытуды қамтитын болса;

екіншіден, тек оқыту процесіне АКТ құралдарын енгізуғана емес, болашақ мұғалімді даярлаудың әдістемелік жүйесінің барлық құрамдас бөліктерін дамыту қамтылса;

үшіншіден, оқу пәнінің мазмұнының ерекшелігі мен қажеттілігіне ғана бағытталып қоймай, оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағдарланған кезде тиімді болатынын атап көрсетеді [1].

Бұл аталған мәселелердің шешімін іздейтін негізгі құжат – мамандар даярлау міндетін жүзеге асыратын мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты болып табылады. 050111-Информатика мамандығы бойынша мамандарды даярлау «информатика, программалау тілдері және компьютерлік техника мен желілік құралдармен қызмет көрсету» жөніндегі негізгі ақпараттық дайындыққа қажетті білім, іскерліктер мен дағдыларды қамтамасыз ететін базалық пәндермен қатар, таңдау курстарымен толықтырылған.

ҚР ЖМББС 3.08.261-2006 бакалавриаттардың мемлекеттік стандарттарында мамандықтар үшін төмендегідей негізгі құзырлықтар тұжырымдалған:


  • Компьютерлік және ақпараттық технологиялардың даму тенденциялары мен болашағын түсіну;

  • Компьютерді меңгеру, қазіргі инструментальдық құрал–саймандарды пайдалану;

  • Оқыту, тәрбиелеу мен қолданбалы есептерді қою мәселесінде құзырлы болу [2].

ҚР ЖМББС–дағы негізгі пәндер циклындағы қойылған міндеттерді шешу үшін міндетті компонент ретінде информатика пәнін оқыту қарастырылған. Аталған курстың логикалық жалғасы қолданбалы білім мен практикалық іскерліктерді қалыптасытруды, болашақ информатика мұғалімінің кәсіби шеберлігін шыңдауды қамтамасыз ететін таңдау курсы «Информатика тарихы» болуы тиіс.

Олай дейтін себебіміз, информатика курсы жоғары оқу орындарындағы барлық мамандықтардың оқу бағдарламасына енгізілген. Соңғы жылдары информатика тарихына деген қызығушылық арта түсуде. Информатика оқу процесіне міндетті пән ретінде енгізілгеннен бергі жинақталған тәжірибені талдап, өткенге көз жүгіртсек, бүгінгі күні информатика ғылымы дамудың негізгі бағыттарын белгілеп, болашағын болжайтындай үлкен дәрежеге жетті. Информатиканың тарихын зерттей отырып, одан ары қарай оны зерттеудің бағыттарын талдап және өңдеп, бірнеше онжылдық бойындағы ғылыми теория мен практиканың дамуындағы оның артықшылықтарын бақылауға болады. Сонымен қатар, информатика тарихын оқу «Информатика» пәніне деген танымдық қызығушылықтарын арттыруды қамтамасыз етеді, оқу материалын терең ұғынуға жағдай жасайды.

Информатика тарихын оқу, әсіресе, педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері – болашақ информатика пәнінің мұғалімдеріне пайдалы. Педагог өзінің пән саласының тарихын, негізгі идеялардың тарихи даму жолын, адамзаттың өркендеуінің дамуын сарапқа сала білмесе жоғарғы дәрежедегі маман бола алмайды.

Ұсынылып отырған «Информатика тарихы» курсы, көбінесе, педагогикалық мамандықты таңдаған студенттерге – болашақ информатика мұғалімдеріне – арналған. Сонымен қатар, ол біліктілікті арттыру немесе мамандандырылған факультеттердегі информатика мұғалімдерін қайта даярлау курсы ретінде ұсынылуы мүмкін. Бұл бағыттағы тыңдаушыларды білім саласын компьютерлендірудің тарихын баяндайтын, «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің қалыптасу кезеңдерін, қазіргі уақытта оқу процесіндегі осы пәннің алатын орны ерекше қызықтыруы мүмкін.



Курстың негізгі мақсаты – информатика және ақпараттық технология саласындағы ғылыми прогрестің даму жолдарын түсіндіру, информатиканың ғылым ретінде қалыптасуындағы көзқарастармен болашақ мамандарды таныстыру, оның қалыптасуын информатиканың іргелі және қолданбалы аспектілерін дамытуға үлес қосқан көрнекі ғалымдардың шығармашылық қызметі арқылы таныстыру болып табылады.

Курсты оқу нәтижесінде студенттер:

  • информатиканың ғылым ретінде қалыптасу кезеңдерін;

  • информатиканың негізгі категорияларының (ақпарат, алгоритм, автомат, жасанды интеллект) хронологиялық даму тарихын түсіну;

  • байланыс және коммуникация дамуын тарихын, есептеуіш техниканың, программалық қамтамасыз етулердің дамуын;

  • информатиканың қалыптасып, дамуына үлес қосқан көрнекі ғалымдардың өмірбаянын білуі тиіс.

Курстың мазмұны модульдік принципті сақтай отырып құрылған – материал салыстырмалы түрде бір–біріне тәуелсіз алты модульге бөлінген. Ол материалдың мазмұнын оңай игеруге мүмкіндік жасап, өткен мазмұнына тез қайтып оралатындай, курстың мазмұнын жедел толықтырып және жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

1. Ғылымның тарихы. Информатиканың қазіргі әлемдегі алатын ролі.

Антикалық дәуірдегі ғылым. Орта ғасыр дәуіріндегі ғылым. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым. Информатиканың ғылым ретінде қалыптасуы. Интернет тарихы. Гипермәтінен гипермиға дейін.



2. Есептеуіш машина туралы ойдың пайда болуы мен дамуы.

Есептеуіш машинаның және соған байланысты идеялардың пайда болуы. Абактан компьютерге дейінгі тарихи ойларға шолу. Ақпаратттық технологиялар индустриясының дамуы.

3. Информатика туралы бастапқы ойлар. Ақпарат және кибернетика.

Ойлау процесін математикалық моделдеу туралы ойлар. Жасанды интеллект. Алгоритмді формальдау мәселелері. Абстрактылы есептеуіш машинасы ұғымы. Автоматтар. Соңғы автоматтар тарихы.



4. Алгоритмдік тілдердің пайда болуы. Программалаудағы қазіргі идеялар. Программалық қамтамасыз етудің даму тарихы.

Алгоритмдік тілдер. Программалау тілдерінің тарихы. Мәліметтер құрылымы ұғымының пайда болуы. Машинада мәліметтерді сипаттау мәселелері. Программалаудың қазіргі парадигмалары. Қазіргі программалық қамтамасыз ету.



5. Есептеуіш техниканың дамуы. Есептеуіш техниканың тарихы. ЭЕМ буындары. Есептеуіш техниканың дамуындағы жеке тұлғаның ролі. Есептеуіш техниканың Қазақстанда дамуы.

6. Жалпы білім беретін мекемелерде информатика курсының

Қалыптасу тарихы. A.П.Ершов - мектеп информатикасының негізін салушы. Мектептегі информатика курсы. ЖОО-дағы информатика. Білім беруді ақпараттандырудың дамуы. Қазақстандағы информатиканың дамуы.

Семинар сабақтарында төмендегі мәселелерді зерттеп, талдау ұсынылады:

  1. Информатиканың дамуына байланысты антикалық дәуірдегі, орта ғасыр және қайта өрлеу дәуіріндегі ғалымдардың еңбектері.

  2. Интернеттің пайда болуының себептері. Желілік технологиялардың болашағы.

  3. Программалау тілдерінің дамуына түрткі болған және әсер етуші себептер мен жағдайлар.

4. Есептеуіш техниканың дамуына түрткі болған және әсер етуші себептер мен жағдайлар.

5.  Ақпараттық қоғамның қалыптасуы, ашық білім беру.

6. Информатиканың қалыптасуындағы жеке тұлғаның ролі.

Жобалау әдісі курстың басты әдістемелік бағыты болып табылады. Информатика тарихын зерттеу студенттердің ғылыми зерттеу және іздеу жұмыстарының негізінде өтеді. Ал, оқытушы осы мәселені қоюшы және түрлендірушінің ролін атқарады. Курсты сүйемелдеу үшін және ұсынылып отырған жабалау әдісін жүзеге асыру үшін «Информатиканың виртуалдық музейі» мұражайы құрылады.

Виртуалды мұражай дегеніміз, негізінен шынайы мұражайда болатын құрылымдық элементтерді құрайды. Қазіргі уақытта құрылып жатқан виртуалдық мұражайдағы мәліметтер қоры төмендегідей ақпараттарды өңдеп, сақтауды талап етеді: информатика мен есептеуіш техникаға байланысты жарияланымдар мен архив құжаттары, ғылыми жобалар, информатик және әдіскер ғалымдар, оның ішінде қазақстандық әдіскер ғалымдардың еңбектері туралы, қазіргі уақытта ашылып жатқан әртүрлі ғылыми жаңалықтар, өтіп жатқан ғылыми конференциялар, Қазақстан Республикасында информатика пәні бойынша өтетін олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары туралы мағлұматтар. Осы жоғарыда аталған барлық объектілер виртуалды мұражайдың экспонаттары болып табылады. Барлық экспонаттар туралы мағлұматтар мәліметтер қорында сақталады. Сөйтіп, виртуалды мұражайды құру барысында электрондық формаға сәйкес бірқатар түзетулер енгізе отырып, шынайы мұражайды моделдейміз.

Виртуалды мұражайда пайдаланушыларды тіркеу қарастырылады. Тіркелмеген пайдаланушылар мұражай қорын көруіне шектеу қойылған. Тіркелген пайдаланушылар мұражайды қарап ақпарат алуға рұқсат алады, сонымен қатар олар өз ақпаратын енгізуіне болады.

Курстық бақылау сынақ түрінде жүреді. Студенттерге сынақ тапсырмалары ретінде төмендегідей тапсырмалар ұсынуға болады:


  1. «Информатика тарихы» деп аталатын өздерінің сайтын құру.

Оған қойылатын талап: информатика курсының негізгі мазмұндық желілерінің тарихын сипаттау (ақпарат және ақпараттық процестер, алгоритмдер және программалау тілдері, есептеуіш техника, ақпараттық технология, компьютерлік желілер және Интернет, ақпараттық моделдеу), сондай ақ, информатиканың дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы ақпараттар келтіру. Бөлімдерді ақпаратпен толықтыру ықшамды, әрі қызықты болуы тиіс. Мүмкіндігінше сайтты көркем суреттермен безендіру, анимация және дыбыспен сүйемелденгені дұрыс. Бұл сайт мектептегі информатика курсын оқыту барысында «информатика тарихы» туралы мағлұматтар беретін құрал ретінде пайдаланылуы тиіс.

2. «Информатика тарихы» виртуалдық мұражайына мультимедиялық экспонат құру. Оған қойылатын талап: экспонат тақырыбы бар мәліметтерді қайталамауы тиіс (бірақ олардың толықтырылуы, кеңейтілуі, тереңдетілуі болуына рұқсат етіледі). Бұл эссе, очерк, бұрынғы ертедегі құрылғылардың смпаттамасы, ғалымдардың өмірбаяны болуы мүмкін.

Мұндай курс болашақ информатика мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлауға айтарлықтай үлесін тигізеді деп есептейміз. Курсты оқыту нәтижесінде:



  • Студенттерде информатика мен есептеуіш техниканың дамуындағы маңызды оқиғалар мен негізгі кезеңдері туралы болжам қалыптастыру; қазіргі ақпараттық–коммуникациялық технологиялар мен олардың қазіргі даму бағыттары туралы түсінік; АКТ–ның қоғам өміріне, оның ішінде білім беру саласына әсері туралы ақпарат;

  • Оқытудың белсенді әдістері мен қазіргі техникалық құралдарды пайдалана отырып, информатиканы оқуға деген танымдық қызығушылықтарын арттыру;

  • Студенттердің өз бетінділік оқу іс–әрекетін, ізденіс іс–әрекетін ұйымдастыру;

  • Студенттерде ақпарат іздеу және өзіне қажеттісін сұрыптай білу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру; қарастырылып отырған материалдағы маңыздысын, ең бастысын іріктей білу, хабарлама құрастыра білу, болжам айта білу, оны түсіндіріп, негіздей білу, мәселені тауып, оны көтере білу, соған байланысты міндеттер қоя білу іскерлігін қалыптастыру;

  • Өмірде белсенді көзқарасқа тәрбиелеу.

Курсты оқу нәтижесінде алынған білім болашақтағы кәсіби қызметінде, білімін жалғастыруда, кәсіби шеберлігін шыңдауда, кейінгі шыққан ақпараттық–коммуникациялық технология құралдарын меңгеруге көмектеседі. Бұл ұсынылып отырған арнайы курс қазіргі заман талабына сай болашақ информатика мұғалімдерін даярлауда, білімін толықтырып шыңдауда, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға өз үлесін қосады деп есептейміз.

Қорыта келгенде, кәсіби мамандар даярлау сапасы жоғарылаған жағдайда ғана еңбек нарығында бәсеге қабілетті мамандар көбейіп, еліміздің экономикасы, әл–ауқаты мен мәдениеті дамып, көтеріледі деп сенеміз.


Әдебиеттер
1. Абдуразаков М.М., Ниматулаев М.М., Сурхаев М.А. Развитие методической системы подготовки учителя информатики к использованию средств информационных и коммуникационных технологий. //Информатика и образование, №12,2008.

2. ҚР ЖМББС 3.08.261-2006. 050111-Информатика мамандығы, Астана-2006.



3. Пак Н.И., Виденин С.А. Курс «Инстория информатики» в педвузе. //Информатика и образование, №7,2007.

Достарыңызбен бөлісу:

entr-goroda-s-ego-mnogochislennimi-ognyami-kafeshkami-i-barami-klubami-i-parkami-gulyaet-takoj-chelovek-sebe-po-nemige-i-predstavlyaet-kak-ona-tam-vnizu-techet-za.html
entropiya-inflyaciya-indikator-ustojchivosti-razvitiya-socialnih-sistem-socialnie-samoorganizuyushiesya-dissipativnie-strukturi.html
enuma-elish-karen-armstrong.html
environmental-pollution-bao-press.html
eo-atlanova-borisoglebskeksperimentalnoe-issledovanie-znacheniya-slova-glamurnij-v-yazikovom-soznanii-nositelej-russkogo-yazika.html
eonov-i-demonov-literatura-konca-hh-stoletiya.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/oficialnij-sajt-pravitelstva-kurganskoj-oblasti-podgotovlen-proekt-regionalnoj-programmi-energosberezheniya-i-povisheniya-energoeffektivnosti18062010.html
  • literature.bystrickaya.ru/dokumentaciya-po-otkritomu-aukcionu-a-53-2007-na-pravo-zaklyucheniya-gosudarstvennogo-kontrakta-na-podpisku-i-dostavku-zarubezhnih-i-rossijskih-periodicheskih-pechatnih-izdanij-dlya-mid-rossii-na-2008-god.html
  • literatura.bystrickaya.ru/respublikanskaya-programma-deti-tatarstana-na-2008-2010-godi-pasport.html
  • textbook.bystrickaya.ru/interdentalnie-sredstva-gigieni-polosti-rta-idsg-epidemiologiya-kariesa-i-zabolevanij-parodonta-7.html
  • reading.bystrickaya.ru/lipeckaya-oblast-upravlenie-socialnoj-zashiti-naseleniya-izveshenie-o-provedenii-zaprosa-kotirovok.html
  • literatura.bystrickaya.ru/ryabinin-boris-stepanovich-stranica-9.html
  • bukva.bystrickaya.ru/puteshestvie-po-livanu.html
  • notebook.bystrickaya.ru/itogi-torgov-v-sekcii-tovarnogo-rinka-mfb-za-aprel-2008-goda.html
  • occupation.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-po-vipolneniyu-kontrolnih-rabot-dlya-studentov-ochnoj-zaochnoj-formi-obucheniya-i-po-forme-stranica-5.html
  • thescience.bystrickaya.ru/iii-osnovnaya-informaciya-o-finansovo-ekonomicheskom-sostoyanii-emitenta-gosudarstvennij-registracionnij-nomer.html
  • kontrolnaya.bystrickaya.ru/psihicheskie-poznavatelnie-processi-chast-5.html
  • literatura.bystrickaya.ru/rukovodstvo-po-vosproizvedeniyu-sposobnostej-riel-pipl-press-stranica-4.html
  • bukva.bystrickaya.ru/sistema-attestacii-uchashihsya-shkoli-obrazovatelnaya-programma-na-2010-2011-uchebnij-god-ivanovo-2010.html
  • uchenik.bystrickaya.ru/formirovanie-predposilok-nauki-i-inzhenerii-v-epohu-vozrozhdeniya.html
  • exam.bystrickaya.ru/zakonnik-7.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-dlya-studentov-distancionnoj-formi-obucheniya-vseh-specialnostej-tyumen-2008.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/problemi-i-perspektivi-razvitiya-turistskih-firm-kak-organizacij-malogo-biznesa.html
  • studies.bystrickaya.ru/kompyuternie-tehnologii-kak-faktor-evolyucii-form-i-metodov-obucheniya.html
  • predmet.bystrickaya.ru/sergiev-posad-municipalnoe-obsheobrazovatelnoe-uchrezhdenie-srednyaya-obsheobrazovatelnaya-shkola-4-referat-po-predmetu-anglijskij-yazik.html
  • knigi.bystrickaya.ru/spisok-hudozhestvennih-tekstov-po-literature-antichnoj-srednih-vekov-i-vozrozhdeniya.html
  • composition.bystrickaya.ru/pnn-ou-dstemelk-keshen-6m070100-biotehnologiya-6m073200-standarttau-zhne-sertifikattau-salalar-bojinsha-mamanditarini-magistranttarina-arnalan-ilimi-zertteu-zhmistarini-metodologiyasi.html
  • reading.bystrickaya.ru/kurs-molodogo-voprosnika-lekciya-1.html
  • grade.bystrickaya.ru/obshie-svedeniya-himicheskij-sostav-lekarstvennih-rastenij-himicheskij-sostav-lekarstvennih-rastenij.html
  • znanie.bystrickaya.ru/5-progress-v-oblasti-analiza-nachinaya-s-poslednej-chetverti-xvii-v-ot-dzhozaja-chajlda-do-adama-smita.html
  • thesis.bystrickaya.ru/prilozhenij-3-prikaz-ministra-obrazovaniya-i-nauki-respubliki-kazahstan-ot-18-marta-2008-goda-125-zaregistrirovan.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-vii-u-ognennoj-reki-2-strelku-vniz-ya-zamenil-na-zakrituyu-figurnuyu-skobku-.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/pamyatka-pervokursnika.html
  • writing.bystrickaya.ru/2-uchetnaya-politika-soderzhanie.html
  • zadachi.bystrickaya.ru/pestrie-fakti-istoriya-zarubezhnoj-sociologii-dobrenkov-v-i-kravchenko-a-i.html
  • predmet.bystrickaya.ru/regionalnaya-nauchno-kraevedcheskaya-konferenciya-zhizn-i-tvorchestvo-olika-ipaya-v-kontekste-sovremennosti.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/razdel-v-vremya-otdiha-k-trudovomu-kodeksu-rossijskoj-federacii.html
  • znanie.bystrickaya.ru/5-rasporyazhenie-pravitelstva-rossijskoj-federacii-ot-2-iyunya-2007-g-706-r.html
  • exchangerate.bystrickaya.ru/biskvitnoe-testo-chast-2.html
  • literatura.bystrickaya.ru/selskoe-hozyajstvo-ohota-i-predostavlenie-uslug-v-etih-oblastyah-stranica-2.html
  • uchitel.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-sostavlena-na-osnovanii-trebovanij-k-obyazatelnomu-minimumu-soderzhaniya-i-urovnyu-podgotovki-vipusknikov-vuza-predyavlyaemie-gosudarstvennim.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.