.RU

Бітімгершілік келісім «Оңалту және банкроттық туралы»

Дата12.04.2017өлшемі67.83 Kb.




Бітімгершілік келісім

 

«Оңалту және банкроттық туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заңға енгізілген жаңалықтардың бірі борышкер мен несие берушінің арасындағы бітімгершілік келісімнің жасалуы болып табылады.



Бітімгершілік келісім – банкроттық рәсімнің кез келген сатысында оны тоқтату мақсатында, борышкер (банкрот) мен кредиторлар арасында сот бекітетін келісім жасасу жолымен қолданылатын рәсім. Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады. Банкрот тарапынан бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді мүліктің меншік иесі, банкроттың құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қабылдайды.

Бітімгершілік келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне алатын үшінші тұлғалардың бітімгершілік келісімге қатысуына жол беріледі.


Бітімгершілік келісімді сот бекітеді. Бітімгершілік келісімді бекіткен кезде сот бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарады, онда банкроттық рәсімінің тоқтатылатыны және борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімді қолдану туралы шешімнің орындауға жатпайтыны көрсетіледі. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы күшіне енген күннен бастап ол күшіне енеді және бітімгершілік келісімге қатысатын борышкер, кредиторлар және үшінші тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Күшіне енген бітімгершілік келісімді орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

Бітімгершілік келісім:

1)банкрот міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;

2) банкроттың талап ету құқықтарын басқаға беру;

3) банкроттың міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы;

4) борышты аудару;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, кредиторлардың талаптарын банкроттың акцияларына, жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне алмастыру;

6) кредиторлар талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру жағдайларында жасалуы мүмкін.

Бітімгершілік келісімде банкрот міндеттемелерін орындау мөлшері, тәртібі мен мерзімдері туралы және (немесе) оның міндеттемелерін тоқтату туралы мәліметтер болуға тиіс.

Банкрот тарапынан бітімгершілік келісімге мүліктің меншік иесі, банкрот құрылтайшысы (қатысушысы) не ол уәкілеттік берген тұлға және банкроттықты басқарушы қол қояды. Бітімгершілік келісімге кредиторлар атынан кредиторлар жиналысының төрағасы қол қояды.

Егер бітімгершілік келісімге үшінші тұлғалар қатысқан жағдайда олардың тарапынан бітімгершілік келісімге осы тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды. Бітімгершілік келісім борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімдері туралы ережелерді қамтуға тиіс.

Бітімгершілік келісім жасасуға қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған кредиторлар үшін бітімгершілік келісімнің шарттары оны жасауды жақтап дауыс берген кредиторларға арналған шарттарға қарағанда нашар болмауға тиіс.

Егер бітімгершілік келісім жасасу кезінде кредиторлардың бірі болып мемлекеттік орган қатысқан жағдайда бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге мұндай мемлекеттік орган алдында берешекті өтеуді кейінге қалдыру шартымен бітімгершілік келісім жасалуы мүмкін.

Осы баптың бірінші бөлігіндегі талаптар сақталған жағдайда салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек банкроттың және (немесе) үшінші тұлғаның мүлкін кепілге қою арқылы және (немесе) банк кепілдігімен өтеледі.

Кепілге қойылатын мүлік өтімді, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылған болуға тиіс және оның нарықтық құны салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасынан кем болмауға тиіс. Мыналар:


  1. тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

  2. энергияның электр, жылу және өзге де түрлері;

  3. тыйым салынған мүлік;

  4. мемлекеттік органдар салған шектеулері бар мүлік;

  5. үшінші тұлғалардың құқықтарымен ауыртпалық салынған мүлік;

  6. тез бұзылатын шикізат, тамақ өнімдері кепіл заттары бола алмайды.

Бітімгершілік келісімді жасаған жағдайда кредиторлардың бірі болып мемлекеттік орган болып табылады, бітімгершілік келісім бекітілген күннен бастап бір жылдан аспайтын мерзімге осындай мемлекеттік органдардың алдында берешекті кейінге қалдыру шарттарында жасалуы мүмкін.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек банкроттың мүлігін кепілге және (немесе) үшінші тұлғаның және (немесе) банкқа кепілге бергенде осы баптың бірінші бөлімінің талаптарын сақтаған шартта өтеледі.

Кепілге берілетін, мүлік таратылатын, жоғалудан немесе бүлінуден сақтандырылуы және оның рыноктік құны салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешек сомасынан аз болмауы керек.

Бітімгершілік келісімді бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешек өтелгеннен кейін ғана соттың бекітуі мүмкін.

Банкроттықты басқарушы бітімгершілік келісім жасасу туралы кредиторлар жиналысы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде сотқа бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтініш беруге міндетті.

Бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішке:

1) осы Заңның 112-2-бабының 3 және 4-тармақтарында көрсетілген тұлғалар қол қойған бітімгершілік келісім;

2) бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді қабылдаған кредиторлар жиналысының хаттамасы;

3) кредиторлардың тұрғылықты жері немесе орналасқан жері, сондай-ақ берешек сомасы көрсетілген кредиторлар тізімі; 

4) бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешектің өтелуін растайтын құжаттар;

5) бітімгершілік келісімді жасасуға қарсы дауыс берген кредиторлардың жазбаша қарсылықтары қоса беріледі.

Бітімгершілік келісім жасасқан және сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны жөнінде тиісті түрде хабардар етілген адамдар сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер осы адамдардан бітімгершілік келісімді бекіту мәселесін олардың қатысуынсыз қарастыру туралы өтініш түспесе, сот бұл мәселені қарамайды.

Бітімгершілік келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымына Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (наразылық білдіруге) болады.

Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымының күшін жою банкроттық рәсімін қозғау үшін негіз болып табылады.

Егер осы тұлғалардан оның жоғында осы мәселені қарау туралы өтініш түспесе,  сот отырысының орны мен уақыты туралы тиісті хабарланған және бітімгершілік келісім жасалған тұлғалардың, сот отырысына келмеген жағдайда, бітімгершілік келісімді бекіту туралы мәселе сотпен қаралмайды.

Бітімгершілік келісімді бекіту банкроттық рәсімін тоқтату үшін негіз болып табылады.

Борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып оны тарату туралы шешім одан әрі орындауға жатпайды.

Банкроттықты басқарушының өкілеттігі бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

Бітімгершілік келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап:

1) бітімгершілік келісімнің шарттарына сәйкес борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар кредиторлар алдындағы берешекті өтеуге кіріседі;

2) осы Заңның 87-бабына сәйкес борышкерге қолданылған салдарлардың күші тоқтатылады.

Бітімгершілік келісімді бекіту сотпен бас тартылуы мүмкіндігін атап өткен жөн. Бітімгершілік келісімді бекіту соттың бас тартуы үшін негіз болып табылады. Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тартуы үшін:

1) борышкердің және (немесе) үшінші тұлғалардың бірінші кезектегі кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өтеу міндеттерін орындамауы;

2) осы Заңда белгіленген бітімгершілік келісімді жасасу тәртібін бұзуы;

3) банкроттық рәсіміне қатысушылардың және (немесе) үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;

4) бітімгершілік келісім шарттарының Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келуі негіз болып табылады.

Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарады, оған Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға (наразылық келтіруге) болады.

Сот бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда бітімгершілік келісім жасалмаған болып саналады.

Соттың бітімгершілік келісімді бекітуден бас тарту туралы ұйғарым шығаруы жаңа бітімгершілік келісімді жасасуға кедергі болмайды.

Қазақстан Республикасының азаматтық процессуальдік заңнмасымен белгіленген, тәртіпте бітімгершілік келісімді бекітуге бас тарту туралы сот анықтама шығарады (наразылық білдіру).

Бітімгершілік келісімді бекітуге бас тарту туралы сот анықтамасы шығарылған жағдайда жасалмаған деп танылады. Алайда, бітімгершілік келісімді бекітуге бас тарту туралы сот анықтамасын шығару жаңа бітімгершілік келісімді жасауға кедергі жасамайды.

Жекелеген кредиторлар мен борышкер арасындағы сот бекіткен бітімгершілік келісімді бұзуға жол берілмейді. Өтініш берілген күні кредиторлар талаптарының тізіліміне кірген талаптардың жалпы сомасынан жиырма бес пайыздан кем емес талаптарды иеленетін кредитордың (кредиторлардың) өтініші бойынша, сондай-ақ осындай кредиторларға қатысты борышкер және (немесе) үшінші тұлғалар бітімгершілік келісім шарттарын орындамаған жағдайда бітімгершілік келісім барлық кредиторларға қатысты сот шешімі бойынша бұзылуы мүмкін.Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтінішті оны бекіткен сот қарайды. Бітімгершілік келісімді бұзу туралы өтініш бойынша істі сот Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында көзделген жалпы қағидалар бойынша қарайды.



Борыштармен жұмыс басқармасының

басшысың м.а. Исабекова А.Э.

Достарыңызбен бөлісу:

ekonomicheskayasfera-zhizni-obshestva.html
ekonomicheskie-aspekti-upravleniya-trudovoj-adaptaciej-na-predpriyatii.html
ekonomicheskie-i-politicheskie-problemi-postsovetskogo-prostranstva.html
ekonomicheskie-idei-social-demokratii.html
ekonomicheskie-izvestiya-eizvestiacom-13052011-pensionnaya-reforma-naibolee-oshutimo-kosnetsya-gosudarstvennih-sluzhashih-tigipko.html
ekonomicheskie-mehanizmi-prirodopolzovaniya.html
  • paragraph.bystrickaya.ru/krasnoyarskij-kraj-pokatashkin-roman-viktorovich-stranica-10.html
  • znanie.bystrickaya.ru/74-vibor-komplektnoj-podstancii-110-kv-zavoda-gruppa-kompanij-elektroshit-tm-samara.html
  • reading.bystrickaya.ru/lekciyali-materialdi-mazmni.html
  • literature.bystrickaya.ru/chto-mi-znaem-o-nebesnih-telah.html
  • lesson.bystrickaya.ru/status-centralnogo-banka-i-osnovi-ego-deyatelnosti-chast-7.html
  • lektsiya.bystrickaya.ru/programma-konferencii-vklyuchaet.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/plan-podgotovki-i-provedeniya-gosudarstvennoj-itogovoj-attestacii-vipusknikov-9-h-klassov-municipalnogo-obsheobrazovatelnogo-uchrezhdeniya-gimnazii-1-g-litkarino-v-novoj-forme-v-2009-godu-.html
  • literatura.bystrickaya.ru/semenova-nadezhda-kremnij-element-zhizni-stranica-22.html
  • knigi.bystrickaya.ru/respubliki-belarus-38-stranica-2.html
  • studies.bystrickaya.ru/biznes-plan-i-sredstva-ego-sozdaniya-chast-6.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-1-hozyain-magiya-i-kultura-v-nauke-upravleniya.html
  • essay.bystrickaya.ru/chast-2-v-moskve-proshel-i-vserossijskij-roditelskij-forum.html
  • znaniya.bystrickaya.ru/rabochaya-programma-po-biologiii-v-11klasse-mbou-verhne-kolchurinskaya-sosh.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/plan-osnovnih-socialno-znachimih-meropriyatij-plan-osnovnih-socialno-znachimih-meropriyatij-municipalnogo-obrazovaniya.html
  • college.bystrickaya.ru/3-podzemnie-vodi-uchebno-metodicheskij-komplekt-disciplini-fizicheskaya-geografiya-mordovii.html
  • testyi.bystrickaya.ru/56-rol-mvf-v-razvitii-meo-v-eksporta-121-mlrd-fob-v-importa-124-mlrd-cif-mezhdunarodnie-ekonomicheskie-otnosheniya.html
  • laboratory.bystrickaya.ru/vozniknovenie-biologicheskoj-informacii.html
  • textbook.bystrickaya.ru/ispolzovanie-igrovih-tehnologij-kak-sredstva-povisheniya-motivacii-na-urokah-inostrannogo-yazika.html
  • holiday.bystrickaya.ru/novosti-39.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-ii-praktika-transaktnogo-analizaeksperimentalnoe-issledovanie.html
  • tests.bystrickaya.ru/matka-vo-vremya-beremennosti-zdorovij-obraz-zhizni-isbn-5-88782-005-5.html
  • school.bystrickaya.ru/dgbetankur-i-dshvejcer-antologiya-sekretnaya-istoriya-vampirov.html
  • desk.bystrickaya.ru/polnoe-bibliogra-ficheskoe-opisanie-stati.html
  • literatura.bystrickaya.ru/sostoyanie-pishevogo-statusa-i-adipokino-citokinovogo-gomeostaza-u-bolnih-s-hronicheskimi-zabolevaniyami-gastropankreatoduodenalnogo-kompleksa-14-00-05-vnutrennie-bolezni.html
  • holiday.bystrickaya.ru/monashestvo-monastiri-v-a-cipin-cipin-v-a-cerkovnoe-pravo-kurs-lekcij-m-kruglij-stol-po-religioznomu-obrazovaniyu.html
  • tests.bystrickaya.ru/luchshij-partner-po-prodazham-produktov-microsoft-zakazchikam-malogo-biznesa-v-kazahstane-2011-goda.html
  • shkola.bystrickaya.ru/p-v-plat-28-06-2007-goda-stranica-10.html
  • universitet.bystrickaya.ru/statya-4-dohod-ot-realizacii-statya-nalogovoe-zakonodatelstvo-respubliki-kazahstan-statya-dejstvie-nalogovogo-zakonodatelstva.html
  • college.bystrickaya.ru/132-o-strukture-sistemi-gosudarstvennogo-rezerva-kak-gosudarstvennoe.html
  • thesis.bystrickaya.ru/pravopisanie-kornej-suffiksov-okonchanij.html
  • thesis.bystrickaya.ru/postanovlenie-mintruda-rf-n-3-minobrazovaniya-rf-n-1-ot-13-01-2000.html
  • predmet.bystrickaya.ru/socialno-psihologicheskij-fakultet-stranica-7.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/uznavat-sravnivat-tematicheskoe-planirovanie-s-opredeleniem-osnovnih-vidov-uchebnoj-deyatelnosti-obuchayushihsya.html
  • tests.bystrickaya.ru/lekciya-ii-kyoln-29-dekabrya-1912-lekciya-i-kyoln-28-dekabrya-1912-lekciya-ii-kyoln-29-dekabrya-1912.html
  • knigi.bystrickaya.ru/skazka-pro-muzikalnoe-derevo.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.