.RU

Беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс

бет1/7Дата06.03.2017өлшемі1.37 Mb. 1 2 3 4 5 6 7
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы « 19 » қаңтардағы № 108 қаулысымен бекітілген

Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидалары



1. Жалпы ережелер

  1. Осы Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру қағидалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген.

  2. Академиялық демалыс - білім беру ұйымдарында білім алушылар (оқушылар, студенттер, магистранттар, адьюнкттар, курсанттар, тыңдаушылар және докторанттар) медициналық айғақтар бойынша және өзге де ерекше жағдайларда өз оқуын уақытша тоқтата тұратын кезең.

  3. Академиялық демалыс беру кезінде мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алушы тұлғаның мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде әрі қарай оқу құқығы сақталады және оның оқуын қаржыландыру (дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негізінде академиялық демалыстағы білім беру гранттары иегерлеріне белгіленген тәртіппен стипендиялар төлеу үшін көзделген шығыстарды қаржыландырудан басқа Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысының 14-тармағына сәйкес) берілген академиялық демалыс кезеңі бойында тоқтатылып, осы демалыс аяқталғаннан соң қайта жалғастырылады.

  4. Ақылы негізде білім алушыға академиялық демалыс берілген кезде академиялық демалыс кезеңі бойында оқуына төлемақы төлеу тоқтатылады.

2. Академиялық демалыстар беру тәртібі мен мерзімдері

  1. Академиялық демалысты ресімдеу үшін білім алушы білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді және оқуды уақытша үзудің негізділігін растайтын құжаттарды тапсырады.

  2. Білім алушыға академиялық демалыс мынадай негізде:

  1. амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік- консультациялық комиссияның (бұдан әрі - ДКК) қорытындысы бойынша сырқатына байланысты ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін;

  2. туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның жанындағы Орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы бойынша беріледі.

Сондай-ақ білім алушыға академиялық демалыс мынадай негіздерде:

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметке шақыру қағазы болғанда;

  2. босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда - заңнамада белгіленген жағдайларда ұзақтығы 3 жылға дейін;

  3. заңнамада көзделген өзге де жағдайларда берілуі мүмкін.

  1. Ұсынылған құжаттардың негізінде білім беру ұйымының басшысы үш жұмыс күнінің ішінде білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарады.

  2. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы уәкілетті органға немесе тиісті салалық министрлікке үш жұмыс күнінің ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.

  3. Білім алушы академиялық демалыстан келген соң білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді және науқасына байланысты академиялық демалыста жүрген білім алушы осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытындымен қоса науқастың қаралған емдеу ұйымынан денсаулық жағдайы туралы ДКК анықтамасын тапсырады.

  4. Факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттардың негізінде оқу жұмыс жоспарындағы пәндердің айырмашылығын анықтайды, офис регистратормен (білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің барлық тарихын тіркеумен айналысатын және білімін бақылаудың барлық түрлерін және оның академиялық рейтингісін есептеуді ұйымдастыруды қамтамасыз ететін академиялық қызмет) келісе отырып, білім алушының оқу курсын және жеке оқу жоспарын бекітеді.

Оқу курсы білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау жағдайындағы ереже бойынша пререквизиттерін есепке ала отырып анықталады.

  1. Білім беру ұйымдарының басшылары ұсынылған құжаттардың негізінде білім алушының мамандығын, курсын және тобын көрсете отырып, үш жұмыс күнінің ішінде академиялық демалыстан шығу туралы бұйрық шығарады.

  2. Осы бағдарламаны қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзімдерін түзету үшін республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушы академиялық демалыстан келген кезде аталған бұйрықтың көшірмесін білім саласындағы уәкілетті органға немесе тиісті салалық министрлікке үш жұмыс күнінің ішінде, ал жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымының басшысы білім саласындағы жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.

  3. Егер академиялық демалыстан келу немесе академиялық демалысқа шығу уақыты академиялық кезеңнің басталуына немесе аяқталуына сәйкес келмесе, білім алушы жеке кесте бойынша барлық оқу тапсырмаларын орындап, рейтингке рұқсат алу үшін қажетті балдарды жинауы тиіс немесе жазғы семестрде айырмашылықтар пайда болған пәндерге жазылады.

  4. Білім алушы айырмашылық пәндерін жою үшін ағымдағы оқу жұмысымен қатар академиялық кезеңде барлық оқу пәндеріне қатысып, сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған ағымдағы және кезеңдік бақылаудың барлық түрлерін тапсырады, рұқсат алады және академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың аралық аттестаттауы кезеңінде қорытынды бақылауды тапсырады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы «19» қаңтардағы № 109 қаулысымен бекітілген

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі

қағидалары



  1. Жалпы ережелер

  1. Осы Қағидалар «Білім туралы»Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және азаматтарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) магистратурасына, докторантурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына, жоғары әскери оқу орындарының адъюнктурасына қабылдаудың тәртібін айқындайды.

  2. ЖОО магистранттарының, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасы тыңдаушыларының контингентін қалыптастыру ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты және басқа да көздер есебінен оқу ақысын төлеуі арқылы жүзеге асырылады. Адъюнкттардың, докторанттардың контингентін қалыптастыру мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде жүзеге асырылады.

Әскери оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, олар жоғары оқу орнынан кейінгі білімді мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін ала алады.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.



  1. ЖОО магистратурасына, докторантурасына, ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына, адъюнктурасына азаматтарды қабылдау түсу емтихандарының қорытындысы бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

  2. Test of English as a Foreign Language, Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP), (TOEFL, шекті балл - кемінде 560), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл - кемінде 6.0), Grundbaustein DaF (шекті балл - С 1), Deutsche Sprachprfung fur den Hochschulzugang (DSH, шекті балл - С 1), Diplome d,Etudes en Langue francais (DELF, шекті балл - В 2), Diplome Approfondi de Langue francais (DALF, шекті балл - С 1) Test de connaisances de francais (TCF, шекті балл - кемінде 400) бағдарламалары бойынша шет тілінен (ағылшын, француз, неміс) тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтары магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға шет тілі бойынша түсу емтихандарынан босатылады.

  3. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау даярлау мамандықтарын көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы құжаттарды қабылдау күніне дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей жарияланады.

  4. Мақсатты түрде даярлау шеңберінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға үміткер азаматтардың өтініштерін қабылдау магистранттар мен докторанттарды даярлауды жүзеге асыратын базалық ЖОО (бұдан әрі - базалық ЖОО) жүзеге асырылады.

  5. ЖОО магистратурасына, докторантурасына және әскери оқу орындарының адъюнктурасына, ЖОО мен ғылыми ұйымдардың резидентурасына түсушілердің өтінішін қабылдау 20 маусымнан 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Магистратура, резидентура, адъюнктура және докторантураға түсу емтихандары 1 тамыздан 20 тамызға дейін, қабылдау 31 тамызға дейін жүргізіледі.

  1. Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарына қабылдау тәртібі

Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсу үшін құжаттарды қабылдау тәртібі

  1. Магистратураға, резидентураға және адъюнктураға жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын игерген азаматтар қабылданады.

  2. ЖОО-да құжаттарды қабылдау және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру үшін қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымның басшысы болып табылады.

Қабылдау комиссиясының құрамы ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.

  1. Магистратураға, адъюнктураға ЖОО, резидентураға - ЖОО мен ғылыми ұйымдарға түсуші тұлғалар мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. ұйым басшысының атына өтініш;

  2. жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі;

  3. интернатураны бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсу үшін);

  4. осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар

бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

  1. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);

  2. 3x4 сантиметр мөлшеріндегі алты фотосурет;

  3. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

  4. жеке куәлігінің көшірмесі;

  5. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса).

Сонымен қатар осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері

және салыстыру үшін түпнұсқалары қоса ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.



  1. Докторантураға «магистр» академиялық дәрежесі бар немесе медицина мамандығы бойынша резидентураны бітірген тұлғалар қабылданады.

  2. Докторантураға түсуші тұлғалар жоғары оқу орындарына мынадай құжаттарды тапсырады:

  1. ұйым басшысының атына өтініш;

  2. болжанған отандық немесе шетелдік ғылыми консультанттармен келісілген жоспарланған диссертациялық зерттеулер негіздемесі;

  3. жеке куәлігінің көшірмесі;

  4. білімі туралы құжаттың көшірмесі;

  5. осы Қағидаларының 4-тармағында көрсетілген бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі (бар болса);

  6. ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болса);

  7. 3x4 сантиметр мөлшердегі алты фотосурет;

  8. 086-У нысанындағы медициналық анықтама;

  9. кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін).

Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыруды жүргізгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

Түсу емтихандарын өткізу тәртібі

  1. Шетелдіктерді қоспағанда, магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші Қазақстан Республикасының азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түсу емтихандарын:

  1. таңдауы бойынша бір шет тілінен (ағылшын, француз, неміс);

  2. мамандық бойынша тапсырады.

  1. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші шетел азаматтары түсу емтихандарын:

  1. мемлекеттік немесе орыс тілдері бойынша (оқыту тілі);

  2. мамандық бойынша тапсырады.

  1. Магистратураға, адъюнктураға және докторантураға түсу емтихандарын өткізу кезінде ЖОО-да, резидентураға түсу емтихандарын

өткізу кезінде ЖОО-да және ғылыми ұйымда мамандықтар бойынша емтихан комиссиялары құрылады.

  1. Мамандық бойынша емтихан комиссиясы тиісті мамандықтар бойынша ғылыми дәрежесі бар ЖОО мен ғылыми ұйымдар қызметкерлерінен қалыптастырылады.

Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы төраға және үш мүшеден тұрады, оның екеуі ғылым докторы болуы керек.

Мамандық бойынша емтихан комиссиясының құрамы ЖОО немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі.



  1. Мамандық бойынша емтихан өткізу кезенде базалық ЖОО-ға бақылаушы ретінде білім беру саласындағы уәкілетті органның өкілдері жіберіледі.

  2. ЖОО мен ғылыми ұйымдар емтихандарды өткізуге күнтізбелік жиырма күн қалғанға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға мамандықтар бойынша түсу емтихандарын өткізудің кестесін жібереді.

  3. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген технология бойынша өткізіледі.

  4. Білім беру саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарын өткізу тәртібін айқындайды.

  5. Мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандары білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілейтін базалық ЖОО-ларда өткізіледі.

  6. Түсу емтихандарын қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

  7. Бірыңғай талаптарды сақтауды және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету мақсатында Апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия және әрбір ЖОО-да апелляциялық комиссия құрылады.

Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

ЖОО-дағы апелляциялық комиссияның құрамы қабылдау комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

Апелляциялық комиссия түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлғалардың өтініштерін қарау үшін құрылады.


  1. Апелляциялық комиссия магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші тұлғалардан емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша түскен өтініштерді қабылдайды және қарайды.

Апелляциялық комиссия мамандық бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

Апелляциялық комиссия мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша апелляцияларды қарау нәтижелерін республикалық апелляциялық комиссияға жібереді.



Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссия ұсынысының негізділігін қарайды және апелляциялық комиссияның ұсынысы түскеннен кейін бір күн ішінде мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша түсу емтихандарының нәтижелерін апелляцияға берген тұлғаға балдар қосу туралы шешім қабылдайды.

  1. Апелляцияға берілетін өтінішті магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға түсуші тұлға апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Емтихан материалдарының мазмұны мен техникалық себептер бойынша өтініштер түсу емтиханының нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және апелляциялық комиссия өтініш берген күннен бастап бір күн ішінде қарастырады.

Апелляциялық комиссия әр тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қаралмайды.

  1. Апелляциялық комиссия өтінішті қарау кезінде апелляцияға берген тұлға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады.

  2. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төраға және барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.

  1. Магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау

  1. Магистранттар, резидентура тыңдаушылары, адъюнкттер және докторанттар қатарына қабылдауды ЖОО-ның қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

  2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсу емтихандарының қосындысында осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша 150 балдан кем емес ең жоғары балл жинаған тұлғалар қабылданады.

Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген шет тілі (ағылшын, француз, неміс) бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарына бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша ең жоғары балл қосылады.

  1. Конкурстық балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда қабылдау кезінде басым құқық мамандық бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі, егер мамандық бойынша түсу емтихандарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда басым құқық мемлекеттік, орыс және шет тілдері бойынша ең жоғары баға алған тұлғаға беріледі. Содан соң таңдаған мамандығының бейініне сәйкес ғылыми жетістіктері ескеріледі.

  2. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлер мен философия докторларын (PhD) мақсатты даярлауға тұлғаларды қабылдау аталған даярлауға үміткер тұлғалар арасында конкурстық негізде жүзеге

асырылады.

  1. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша игерілмеген орындар, оның ішінде мақсатты орындар ЖОО арасында одан әрі қайта бөлу үшін білім беру саласындағы уәкілетті органға қайтарылады.

  2. ЖОО мен ғылыми ұйымдар білім беру саласындағы уәкілетті органға күнтізбелік күнтізбелік он күн ішінде қабылдауды ұйымдастыру және өткізу бойынша қорытынды есепті, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистратураға, резидентураға, адъюнктураға және докторантураға қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша

Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша бағаларды ауыстыру жүйесі




Бағалаудың 100 балдық шәкілі бойынша балдар

Бағалаудың 4 балдық шәкілі бойынша балдар

95-100

Өте жақсы (5)

90-94

85-89

Жақсы (4)

80-84

75-79

70-74

Қанағаттанарлық (3)

65-69

60-64

55-59

50-54

0-49

Қанағаттанарлықсыз (2)







Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2012 жылғы « 19 » қаңтардағы № 110 қаулысымен бекітілген
Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасы

  1. Жалпы ережелер




  1. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. Ереже меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушыларды білім беру ұйымдарына ауыстырудың және қайта қабылдаудың тәртібін айқындайды.

  3. Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа ауыстыру жүзеге асырылады. Студенттерді құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына ауыстыру көрсетілген уәкілетті органдардың басшылары бекітетін ережелермен реттеледі.

  4. Күндізгі және кешкі оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңінде кезекті академиялық кезең басталғанға дейін бес жұмыс күні ішінде қарастырады.

Сырттай оқу нысанында білім алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтініштерін білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы білім беру ұйымының кезекті емтихан сессиясы басталғанға дейін бір ай бұрын қарастырады.

  1. Білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау кезінде оқудың алдыңғы академиялық кезеңінде оқыған жұмыс оқу жоспарындағы пәндердің академиялық айырмашылығы анықталады.

  2. Жұмыс оқу жоспарының пәндеріндегі академиялық айырмашылықты білім беру ұйымының басшысы оқу карточкасының немесе транскрипттің көшірмелерінде немесе оқуын аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтамада (бұдан әрі - Анықтама) көрсетілген оқыған пәндерінің тізбесі, академиялық сағаттардың немесе кредиттердің бағдарламалары мен олардың көлемі негізінде анықтайды.

  3. Білім алушыны шетелдік білім беру ұйымынан ауыстыру және қайта қабылдау кезінде меңгерілген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт және т.б.) туралы құжат, сондай-ақ белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.

  4. Жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылықтарды жою үшін білім алушылар академиялық кезең ішінде барлық оқу сабақтарының барлық түріне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрін тапсырады, қорытынды бақылауға жіберілгендігі туралы рұқсат алады.

  5. Белгіленген мерзімде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндеріндегі академиялық айырмашылық кейіннен академиялық қарыз ретінде ескеріледі.

  1. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау тәртібі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау



  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) бір мамандықтан екінші мамандыққа немесе оқудың бір нысанынан екіншісіне ауысу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргізіледі.

  2. Егер білім алушы білім беру ұйымымен білім беру қызметтерін көрсету туралы жеке шарт (бұдан әрі - шарт) жасасса, онда оның басқа білім беру ұйымына немесе бір мамандықтан екіншісіне ауысуы үшін аталған шарттың өзгертілуі немесе бұзылуы қажет.

  3. Бірінші курстың білім алушысын ауыстыруға бірінші семестрді аяқтағаннан кейін ұқсас мамандықтар бойынша рұқсат етіледі.

  4. Басқа білім беру ұйымына ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, өзі қалаған білім беру ұйымының басшысына өтініш білдіреді.

Қабылдаушы білім беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасының (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесі қоса тіркелуі қажет.

  1. Ауыстыру туралы мәселе шешілген жағдайда білім алушыны қабылдайтын білім беру ұйымының басшысы оның оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы бұйрық шығарады, бұрын білім алушы оқыған білім беру ұйымына оның жеке іс құжаттарын жіберу туралы жазбаша сұрау жолдайды.

  2. Білім беру ұйымдарының білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық білім алушының бұрын оқыған білім беру ұйымынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін шығарылады.

  3. Білім беру ұйымдарында бұрын білім алған тұлғалар сол немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдана алады.

Қайта қабылдаудың міндетті шарты білім алушының бір семестрді аяқтауы болып табылады және қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтініші негізінде ғана қаралады.

Білім алушыларды бірінші курсқа қайта қабылдауға бірінші семестрді аяқтағаннан кейін тиісті немесе ұқсас мамандықтар бойынша рұқсат етіледі.



  1. Оқу ақысын төлемегені үшін семестр кезінде оқудан шығарылған ақылы негізде оқитын білім алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған сәттен бастап төрт аптаның ішінде оқуға қайта қабылдануға құқылы, бұл ретте білім беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта қабылдайды.

  2. Бұрын басқа білім беру ұйымдарында білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға: курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда; оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат етіледі.

  3. Жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты білім беру ұйымы басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары белгілейді. Оқу жоспары пәндеріндегі айырмашылықты жоюдың тәртібі мен мерзімі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

  4. Бұрын білім алған білім алушы басқа білім беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады.

  5. Оқуға қайта қабылдану үшін бұрын білім алған білім алушы өзінің оқуын жалғастырғысы келетінін білдіріп, білім беру ұйымы басшысының атына өтініш береді, бұл ретте қайта қабылдау туралы өтінішке Анықтама қоса беріледі.

  6. Ұсынылған Анықтама негізінде білім беру ұйымы курсты және пәндердің айырмашылығын анықтап, оқуға қайта қабылдау туралы өтінішті берілген уақыттан бастап екі апталық мерзімде қарауы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:

biologicheskie-nauki-nauki-o-zemle-informacionnij-byulleten-novih-postuplenij-1-2007-g.html
biologicheskie-nauki.html
biologicheskie-osobennosti-zernovih-kultur-2-chasa-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-zemledelie-i-rastenievodstvo.html
biologicheskie-svojstva-metodi-analiza-biologiche-c-ki-aktivnih-veshestv-i-ih-svojstva.html
biologicheskij-fakultet-materiali-vi-ii-nauchnoj-konferencii-studentov-i-aspirantov-aprel-2010-goda-g-tver-tver-2010-stranica-2.html
biologicheskij-fakultet-materiali-vi-ii-nauchnoj-konferencii-studentov-i-aspirantov-aprel-2010-goda-g-tver-tver-2010.html
  • grade.bystrickaya.ru/metodicheskie-ukazaniya-i-zadaniya-dlya-vipolneniya-kontrolnih-rabot-po-discipline-pravovedenie-sostavitel.html
  • tetrad.bystrickaya.ru/upravlenie-kareroj-gossluzhashego-chast-9.html
  • school.bystrickaya.ru/glava-2-dohodi-i-rashodi-albert-ejnshtejn-davajte-mi-s-vami-poigraem-v-voprosi-sprosite-sebya-dorogoj-chitatel.html
  • grade.bystrickaya.ru/naimenovanie-kadastrovogo-okruga-kadastrovogo-rajona-doklad-o-sostoyanii-i-ispolzovanii-zemel-v-tyumenskoj-oblasti-v-2009-godu.html
  • literatura.bystrickaya.ru/samostoyatelnij-analiz-proizvedenij-uchebno-metodicheskij-kompleks-po-discipline-istoriya-russkoj-literaturi-xix.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/vselenskaya-assambleya-mobil-dik.html
  • institut.bystrickaya.ru/teoriya-abstraktnogo-mishleniya-i-perspektivi-poznaniya.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-3-chtobi-bit-soboj-nado-bit-kem-to-predislovie.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-3-sprosite-lyubogo-stalkera-kakoe-vremya-sutok-v-zone-samoe-strashnoe-ikazhdij-otvetit-noch-ateper-sprosite.html
  • kanikulyi.bystrickaya.ru/yazik-obucheniya-struktura-programmi-s-ukazaniem-kreditov-129-kreditov10-kreditov-praktika8-kreditov-fizvospitanie3.html
  • occupation.bystrickaya.ru/monitoring-obrazovatelnih-strategij-abiturientov-kak-metod-diagnostiki-konkurentosposobnosti-vuzov.html
  • obrazovanie.bystrickaya.ru/prilozheniya-mihail-veller.html
  • upbringing.bystrickaya.ru/lekciya-elektrodinamika-materialov-s-otricatelnim-koefficientom-prelomleniya.html
  • learn.bystrickaya.ru/glava-v-nerushimim-yavlyaetsya-tot-obichaj-kotorij-kak-ustanovleno-ne-protivorechit-ni-chelovecheskim-zakonam-ni-svyatim-kanonam.html
  • doklad.bystrickaya.ru/vid-rabot-112-sborka-zhilih-i-obshestvennih-zdanij-iz-detalej-zavodskogo-izgotovleniya-kompleksnoj-postavki.html
  • composition.bystrickaya.ru/politicheskaya-sistema-obshestva-chast-4.html
  • institut.bystrickaya.ru/tema-chasi-rechevaya-i-chitatelskaya-deyatelnost-na-uroke-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-municipalnogo-byudzhetnogo.html
  • university.bystrickaya.ru/glava-18-osvobozhdenie-toliver-rejmond-f-konstebl-trevor-dzh.html
  • znanie.bystrickaya.ru/72-primernaya-programma-podgotovki-kadrov-sportivnogo-turizma-v-rf-problemi-i-osobennosti-razvitiya-sportivnogo.html
  • thesis.bystrickaya.ru/poryadok-predostavleniya-subsidij-organizaciyam-agropromishlennogo-dolgosrochnaya-celevaya-programma-razvitie-selskogo.html
  • laboratornaya.bystrickaya.ru/programmi-vstupitelnih-ispitanij-po-inostrannim-yazikam.html
  • composition.bystrickaya.ru/otchet-o-pribilyah-i-v-dinamike-1998-2000-kurs-cb-rf-na-datu-ocenki-2862-rublya-za-1-dollar-ssha-soprovoditelnoe-pismo.html
  • essay.bystrickaya.ru/ekonomika-stranica-6.html
  • uchit.bystrickaya.ru/tematika-kontrolnih-rabot-rabochaya-programma-pedagoga-petinoj-nini-dmitrievni-uchitelya-matematiki-pervoj-kvalifikacionnoj.html
  • spur.bystrickaya.ru/konkurs-metodicheskih-razrabotok-otkritij-urok.html
  • znanie.bystrickaya.ru/7-obrazovatelnie-tehnologii-osnovnaya-obrazovatelnaya-programma-visshego-professionalnogo-obrazovaniya-napravlenie.html
  • institut.bystrickaya.ru/turisticheskaya-kompaniya-sk-intur-rossiya-344010-g-rostov-na-donu-pr-voroshilovskij-8765-tel-86324-24-324-2-688-900-faks-863-2-345-890.html
  • urok.bystrickaya.ru/programma-konferencii-30-maya-konferenczal-oka-lyuks.html
  • portfolio.bystrickaya.ru/organizaciya-praktiki-otchet-o-rezultatah-samoobsledovaniya-federalnogo-gosudarstvennogo-obrazovatelnogo-uchrezhdeniya.html
  • bystrickaya.ru/vospitanie-soperezhivaniya-u-doshkolnikov-v-processe-oznakomleniya-s-zhivotnim-mirom-chast-6.html
  • diploma.bystrickaya.ru/ustanovki-pogruzhnih-centrobezhnih-nasosov-uecn-chast-3.html
  • textbook.bystrickaya.ru/he3avershehhoe-plani-otrivki-nabroski-skazka-o-pope-i-o-rabotnike-ego-balde.html
  • ucheba.bystrickaya.ru/programma-disciplini-dpp-f-10-detskaya-literatura-g-tomsk-2009-celi-i-zadachi-disciplini.html
  • apprentice.bystrickaya.ru/voprosi-i-otveti-po-politologii.html
  • institute.bystrickaya.ru/glava-8-forma-chastic-almaznogo-nanoklastera-rassmatrivayutsya-voprosi-izucheniya-svojstv-nanoalmazov-detonacionnogo-sinteza.html
  • © bystrickaya.ru
    Мобильный рефератник - для мобильных людей.